
Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында «бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді. Жәрмеңкеге барлығы 15 жеке кәсіпкерлер мен мекемелер қатысып («МДШО бар Бақтораз Бейсекбаев атындағы орта мектеп» МКМ, «МДШО бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ, «Десерт» кулинариясы, «Алматы облысы балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ, Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық ауруханасы, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Балқаш филиалы, Бақанас ауылындағы «Саз мектебі» МКҚК, Бақанас аграралы-индустриалдық колледжі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі), 40-тан аса жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңке барысында жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бағыттары (оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары) бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 70-тен астам адам, сонымен қатар, пробация қызметі есебінде - 7, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан - 8, алимент бойынша борышкерлер қатарынан - 10, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -26 адам қатысты. Жәрмеңке барысында орта мектептерге 10 адам, спорт мектебіне 2 адам, саз мектебіне 2 адам, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжіне 2 адам тұрақты жұмысқа қабалданып, халақты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға 12 адамға, күміс жас жобасына 1 адамға жолдама берді.