
«Талғар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру бойынша жоспар тапсырмасына сәйкес 28.09.2022 жылы Талғар қаласында жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеге Талғар ауданындағы жұмыс іздеп жүрген азаматтар, жұмыссыз жастар қатысып, қызығушылықтарын білдірді. Жәрмеңкеге 23 мекеме қатысып, 59 мекеме ұсынған 205 бос жұмыс орындары ұсынылды. Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы, онлайн түрде қалай бос жұмыс орындарын қарау керектігі және жұмыспен қамтудың белсенді іс -шараларына қатысу мүмкіндіктері де түсіндірілді. Жәрмеңке барысында 58 жұмыссыз азамат толық кеңес алып, оның ішінде 32 жұмыссыз азамат өздеріне лайықты, тұрақты жұмыс орындарын тауып, Талғар ауданындағы жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына жолдама алу және сұхбаттасу мүмкіндіктерін алды.