«Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жанынан ашылған оңалту орталығы бойынша Баспасөз релизі

«Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жанынан ашылған оңалту орталығы бойынша Баспасөз релизі

2022 жылдың 16 қарашасында Алматы облысының әкімі М.Е.Сұлтанғазиев Талғар ауданына жұмыс сапары барысында «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан ашылған Оңалту орталығына барды. 

Оңалту орталығы орналасқан ғимарат ағымдағы жылы қолданысқа берілген.

Алматы облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Azia RC» ЖШС салынған 3 қабатты құрылыстың жалпы алаңы 1063,04 ш.м. құрайды.

Облыста 42 мыңнан астам мүгедектігі бар тұлғалар тіркелген, оның ішінде 6 мыңнан астамы - балалар.

Қазіргі уақытта кәсіби әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ететін 18 жастан асқан мүгедектерге арналған оңалту бөлімшесі Қонаев қаласында орналасқан «Шарапат» орталығында ғана бар.

«Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының                        50-тармағына сәйкес, әрбір өңірде Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының санын ұлғайту (жыл сайын 1 жаңа орталық құра отырып) көзделген.

Осы мақсатта аталған ғимарат балаларға арналған оңалту орталығы ретінде ашылып, қызмет көрсетуде.

Орталыққа 16 302,0 мың теңгеге заманауи оңалту құралдары (жүру иммитаторы, мотомед, вертикализаторлар, т.б.) алынып, мамандандырылған бөлмелер (сенсорлық бөлме, Монтессори бөлмесі, тұз шахтасы)толығымен жабдықталған.

Аталған Орталықта кәсіби мамандардың және замануи оңалту құралдарының көмегімен - мүгедектігі бар балалардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, ашылған Орталықтың жұмысымен танысуға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының, облыстың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері де қатысты.