Тарихи-танымдық және қайырымдылық іс-шара «Жүрегімнің сәулесі»

Тарихи-танымдық және қайырымдылық іс-шара «Жүрегімнің  сәулесі»

"Жүрегімнің сәулесі". Осындай атаумен 15 қарашада Есік қаласындағы өлкетану мұражайында тарихи-танымдық және қайырымдылық іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар - Алматы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Туризм және Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. Іс-шара барысында қонақтар мұражайдағы сан ғасырдан жеткен ұлттық мұра және тарих қойнауынан жеткен жәдігерлермен танысты. Ал арнайы ұйымдастырылған шеберлік сабақтарында қолданбалы өнер шеберлері мен зергерлер балаларға шығармашылық негіздерін үйретті. Көрмеде қонақтарға көру қабілеті бұзылған балалардың және басқа мектеп тәрбиеленушілерінің жұмыстары таныстырылды. Жалпы бұл іс-шараға 80 адам қатысты. Өз кезегінде меценаттар мен басқарма өкілдері мүмкіндігі шектеулі балалар мен басқа да оқушыларға кәдесыйлар мен естелік сыйлықтар табыстады. Қонақтар мен қатысушылар үшін бойшаң қуыршақтар шоуы ұйымдастырылды. Талантты балалар ризашылықтарын өзгеше жеткізді. Олар меймандарға өздері дайындаған мерекелік концерттік қойылымдарын ұсынды. Қызықты шара соңында 20 адам түрлі грамоталармен марапатталды.

https://youtu.be/slsslrt3GI0