Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында қазанайының соңғы жексенбісінде атап өтілетін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Қонаевқаласының мәдениет үйінде осы саланың үзді кқызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Еңбекминистрлігінің Бақылау және әлеуметтікқорғау департаментінің, еңбек инспекциясы басқармасының басшылары, әлеуметтік сала ардагерлері, әлеуметтік салада жұмыс істейтін үкіметтікемес ұйымдар, аудандық/қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары, аталған ұйымдардың марапатталатын қызметкерлері, облыстық басқарманың қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Облысәкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев барлық қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, әлеуметтік салада жұмыс істейтіндерге зор алғысын білдірді.

"Облыстың адамдарына қамқорлық жасау пейілі  кең, өз ісіне шынайы берілген нағыз кәсіби мамандардың қолында екенін көру қандай жақсы. Осы кісілердің қажырлы еңбегіне құрмет пен алғыс әрқашан лайықты марапат болсын. Әлеуметтік қызметкер-жербетіндегі ең асылмамандықтардың бірі", - деді әкім.

Ол бұл салада кездейсоқ адамдардың болуы мүмкін емес екенін атап өтті, өйткені бұл өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарайалмайтын мейірліжандардың ғана қолынан келетін жұмыс. "Бұл қиын жұмыс, ол үшін сіздің жүрегіңіз мейірімге толып, жауапкершілікті сезінуіңіз керек және риясыз  көмек көрсетуге деген үлкен ықылас болуы қажет. Біздің Алматы облысының әлеуметтік қызметкерлері де осындай қасиеттерге ие, олар ісжүзінде қарттармен, мүмкіндіг ішектеулі адамдармен, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылармен, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен тұрақты байланыста бола отырып, халықтың ең аз қорғалатын санаттарын қолдаудың мемлекеттік саясатын табысты іске асырады", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Іс-шара барысында әлеуметтік саланың 20 қызметкері облыс әкімінің және еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрінің алғысхаттарын, "Еңбекардагері" медальдарын, "Әлеуметтік-еңбексаласындағы үздік" төсбелгілерін алды.

Сондай-ақ, "Еңбекжолы" байқауының жеңімпаздарына және әлеуметтік салаға елеулі үлес қосқан әлеуметтік мекемелер арасындағы үздік ұйымдарға 100 мың теңгеден 8 сертификат табыс етілді.

Салтанатты шара мәдениет үйінің қамқоршылары мен әртістерінің қатысуымен өткізілген концерттік бағдарламаға  ұласты.