Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес

2022 жылдың 27  мамырында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы семинар - кеңесі өтті.

Семинарға басқарманың басшылары және мамандары, сонымен қатар ведомствалық бағыныстағы медициналық-әлеуметтік мекемелерінің мамандары қатысты. Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы,  сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды ескертудің өзекті мәселелері және оларды жасағаны үшін жауапкершілік туралы сұрақтар талқыланды. Семинар барысында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді..