Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін 2022 жылғы 1 маусымда жария талқылауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін 2022 жылғы 1 маусымда жария талқылауы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықта жүйені сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен қоса лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.

Осылайша, Алматы облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшысының 2022 жылғы 05 мамырындағы № 60-1-ө бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Алматы облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2022 жылғы 1 маусымда басқармада Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария түрінде талқылау жүргізілді. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған одан әрі жұмыс бойынша ұсынымдар әзірленді.