Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асқалы тұрған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «TEN QOGAM» орталығының ашылу салтанатын өткізу жоспарлануда.

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

БАҚ назарына!

Құрметті әріптестер!

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асқалы тұрған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «TEN QOGAM» орталығының ашылу салтанатын өткізу жоспарлануда.

Мақсаты: мүмкiндiгi шектеулi жандарға қолдау көрсетiп, мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, жаңа заман талабына тез бейімделіп кетуге жағдай жасау, мүгедектігі бар азаматтарды ақпараттандыру, олардың өмiрге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру

 «Teń Qoǵam» қолдау орталығының бағыттары:  

  • kz порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға ЭЦҚ ашу, өтініш беру, aleumet.egov.kz порталы арқылы мемлекет тарапынан берілетін қажетті құрал-жабдықтарға, санаторий-курорттық емдеу орталықтарына, орнын толтырушы құралдар және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарына, протездік-ортопедиялық көмек және сурдо – тифлотехникалық заттарға  өтініш жіберу.
  • kz және business.enbek.kz порталдары арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды жастар практикасы, қоғамдық жұмыстарға уақытша немесе толық күндік жұмысқа орналасытыру. business.enbek.kz порталы арқылы өз ісін бастағысы келіп жүрген азаматтармен азаматшаларға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттарға қатысу бойынша жол көрсетіп, грант ұтқанға дейін көмек көрсету.
  • Мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қажетті психологиялық көмек көрсету
  •  

Ашылу салтанатында арнайы рәсім өтіп, мемлекеттік гранттарды ұтып алған мүгедектігі бар азаматтар өз жұмыстарын таныстырады.

Ұйымдастырушы: Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «TEN QOGAM» мүгедектігі бар азаматтарды қолдау орталығы

СІЗДЕРДЕН АТАЛҒАН ШАРАҒА АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ!

Өткізілетін күні: 2022 жылы 18  мамыр, сағ: 15.00

Өткізілетін орны: Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі 219, «TEN QOGAM» қолдау орталығы