16- мамыр күні «Жанұя» орталығында ана мен баланы қолдау және «Тең қоғам» орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

16- мамыр күні «Жанұя»  орталығында ана мен баланы қолдау  және «Тең қоғам» орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысының 2021 жылғы
1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 76-тармағын орындау үшін бойынша облыс көлемінде бірқатар шаралар атқарылып жатыр.

Патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдықты төмендету үшін халық арасында ақпараттық жұмысты күшейту бойынша облыс көлемінде жұмыс жүргізілуде. Бұл жөнінде 20 аудан, қала әкімдеріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігінің бірлесіп бекіткен «2022 жылға арналған халық арасындағы патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдықты төмендетуге бағытталған ақпараттық жұмысты күшейту жөніндегі»  медиа жоспарды  орындау туарлы тапсырма берілді.

Бүгінгі күні облыс бойынша 20 жергілікті газеттерде мақала беріліп, әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен, жұмыс іздеушілермен, мүгедектігі бар адамдармен және азаматтардың басқа да санаттарымен түсіндіру сипатындағы 20 кездесу және 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Жыл басынан аталған тақырыпты БАҚ-та жариялау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы 40 ақпараттық-талдау материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

- атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ақпараттық-талдау материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Жергілікті Жетісу телеарнасының «Талқы» бағдарламасында масылдыққа жол бермеу, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және кедейшіліктің өсуіне жол бермеу бойынша оң нәтижеге қол жеткізу талқыланды. Бағдарламаға Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек және мүгедектермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы – Сәрсебеков Сырым,  Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты – Гүлниса Досанқызы, Айша – бибі қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Жазира Хабулдина, «Төрт сала» жеке шаруашылығы серіктестігінің басшысы – Даурен Аухаев  қатысты.

Сонымен қатар, облыс бойынша  Алматы облыстық филиалы мемлекеттік сақтандыру қоры акционерлік қоғамы,  Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен  бірлесіп азаматтарға әлеуметтік қолдауды арттыру мақсатында жасалған  ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес,  Талдықорған қаласындағы «Ардагерлер үйінде» ҰОС қатысушыларын, еңбек ардагерлерін және зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында  11- мамыр күні дөңгелек үстел өткізілді, 16- мамыр күні «Жанұя»  орталығында ана мен баланы қолдау  және «Тең қоғам» орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.