Әлеуметтік қызметкерлер күні!

Әлеуметтік қызметкерлер күні!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында, ағымдығы жылдың  29 қазан күні сағат 15.00-де Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында әлеуметтік сала қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізіледі. Салтанатты іс-шараға Алматы облысының халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін қызметкерлер және басқа да қонақтар шақырылады.

         Іс-шарада қызметте үздік деп танылған, ұжымда құрметке ие болған әлеуметтік қызметкерлерді марапаттау жоспарланған. Алматы облысының аудандары мен қалаларының үздік медициналық-әлеуметтік мекемелері, бөлімдері, жұмыспен қамту орталықтары, үкіметтік емес ұйымдары ақшалай сертификаттармен марапатталады. Салтанатты шарада "Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі.

         Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушыларының қолөнер көрмесі де уйымдастырылады.