
Ағымдағы жылдың 4 маусымында Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай аудандарында Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» көрсетілетін мемлекеттік қызметті түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізілді.
Аталған кездесуде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің бас маманы Югоспаева А.Қ., сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай аудандық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.