
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 14 мамырында Алакөл ауданының Үшарал қаласында шетелдік жұмыс күшін тартушы мекемелерінің өкілдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының мамандарының қатысуымен дөңгелек стөл өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары", 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасы өңірлері арасында бөлу қағидаларымен», «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен таныстырылды.
Кездесу барысында басқарма қызметкерлері қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, қорытындысында сындарлы диалог жүргізілді.