Әлеуметтік серіктестік

Әлеуметтік серіктестік

2021 жылдың 12 ақпанында әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысты Алматы облысы әкімінің орынбасары, әлеуметтік серіктестік жөніндегі үшжақты комиссияның төрағасы Байжұманов Б.К. жүргізді.

    Күн тәртібіне қаралған  мәселелер, облыстағы ұжымдық шарттар жасау жұмыстары, жалақы бойынша берешекті азайту, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар және оған мониторинг жүргізу туралы.

  Алматы облысының кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы – Ә.С. Қыдырманов  баяндама жасады.

Баяндамашының  ақпараты назарға алынып, еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Т.Бектасовқа, «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы»  аумақтық  кәсіподақтар  бірлестігінің     төрағасы  Ә.Қыдырмановқа, «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы Қ. Қаратаевқа және аудан, қала әкімдеріне өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында жалақы берешегі бойынша, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар берешегі бойынша бұзушылықтарға жол берген және ұжымдық шарт жасау мәселесі бойынша кәсіпорындар басшыларының тыңдалуын қамтамасыз етуді, қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзу фактілері бойынша алдын алу шараларын қабылдай отырып, еңбек тәуекелдерінің картасы негізінде өңірдегі әлеуметтік-еңбек жағдайына және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне күнделікті мониторинг жүргізу туралы нақты тапсырмалар берілді.