Қазақстанда 2021 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы ұсынылатын болады.

Қазақстанда 2021 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы ұсынылатын болады.

Қазақстанда 2021 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы ұсынылатын болады. Қазірдің өзінде Алматы облысында пилоттық режимде Портал арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар 420 аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық тауарларды алады. Біздің облыста азық-түлік өнімдері мен  гигиеналық құралдарды жеткізуші " Magnum Cash&Carry " ЖШС болды.

- Біз Қазақстанның көптеген өңірлерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік өнімдері мен  гигиеналық керек-жарақтарды жеткізуші болып табыламыз. Порталда тіркеліп, АӘК алушыларға тауарларды жеткізу бойынша пилоттық жобаға қатыстық. Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу ыңғайлы, барлығы түсінікті және техникалық сауатты әзірленген. Қызметті жылжытудың барлық процесін жеткізуші де, тапсырыс беруші де қадағалайды, - Алматы қ. " Magnum Cash&Carry " ЖШС өкілі

         ҚР ЕХӘҚМ "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ қызметкерлері қалалар мен аудандардың әлеуметтік қорғау органдарының мамандарын порталда көрсетілетін қызметті алушылармен және жеткізушілермен жұмыс істеуге оқытуды жүргізді. Қазіргі уақытта қызмет алушыларды ЭЦҚ-кілттермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, ал жұмыспен қамту орталықтарында порталмен қалай жұмыс істеу керектігі түсіндіріледі.

2021 жылдың басында облыс аумағында 24547 отбасы КӘТ алады деп күтілуде, оның 21774-і немесе 88,7%-ы ЭЦҚ-мен қамтамасыз етілген. 2020 жылдың соңына дейін электрондық цифрлық қолтаңбаны әлеуметтік топтаманы алушылардың барлық отбасылары алуы тиіс.

         Порталдың арқасында кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларды алу әлдеқайда ыңғайлы болады. Өтініш беруші әлеуметтік қызметтер порталындағы өзінің жеке кабинетінде тауар жеткізушілерін және КӘТ жиынтықтарының ұсынылатын нұсқаларын өз бетінше таңдай алады. Электрондық өтінім автоматты түрде жеткізушіге жіберіледі, ол КӘТ-ны тікелей алушыларға жеткізеді. Топтамаларды өздігінен де алып кетуге болады.

- Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері барлығын түсінікті етіп түсіндіріп берді, портал арқылы өтініш бердім. Бұл әлдеқайда қарапайым және жылдам, енді мен балаларымның қандай тамақ пен гигиеналық өнімдерді алатындығын көре аламын, - өз ойымен Өтенай ауылының АӘК  алушысы бөлісті.

         Қазіргі уақытта пилот аясында порталда өтініш берген 164 отбасы Портал арқылы 248 пакетпен қамтамасыз етілді.