«Ауыл тұрғындары назарына!»

«Ауыл тұрғындары назарына!»

          Біріңғай республикалық медиа-жоспар шеңберінде 2020 жылдың басынан бері «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері мен барлық аудандық және қалалық баспа басылымдарының беттерінде мүгедек адамдарға көрсетілетін қызметтер бойынша «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған инва такси қызметі», «Қазақстан мүгедектері оңалту құралдары мен арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады», «Мүгедектерге мүмкіндік жасауды естен шығармаңыздар», «Специальные социальные услуги на дому детей с ограниченными возможностями» және тағы басқа 74 ақпараттық-түсіндіру материалдары жарияланды.

«Jetisy Media» ақпараттық алаңының ұйыдастыруымен ағымдағы жылдың мамыр айында «Инфрақұрылым объектілерінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділігін тексеру»  тақырыбында баспасөз-мәслихатын өткізілді.  Баспасөз-мәслихатына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Тәңірбергенова Мадина Орысбайқызы мен Талдықорған қаласындағы «Ерлік» қимыл қозғалысы шектеулі мүгедектер ҚБ төрайымы – Алматы облысы әкімінің кеңесшісі  Акжаркенова Роза Хаджи-Ахметқызы баяндама жасады.

Қыркүйек айында мүгедектердің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметі тарапынан қолға алынған жұмыстар турасында брифинг өткізілді. Спикерлер Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ілімжанова Зайда Абдымананқызы жəне аталмыш департамент басшысының орынбасары Тəңірбергенова Мадина Орысбайқызы өзекті тақырыпқа арқау болған мүгедектікті белгілеу, əлеуметтік қорғау, оңалту мəселелеріне тоқталды.

Аталған брифингттерге облыстық «Жетісу» телеарнасы, «Огни Алатау», «Талдықорған», «Жетісу» газеттерінің тілшілері қатысты.

Ақпараттар республикалық, облыстық, аудандық БАҚ беттерінде жарияланды. Сондай-ақ аудан, қала әкімдіктерінің ресми парақшаларына орналастырылды. Барлығы 10-нан астам мақала жарық көрді.

Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғау, олардың үніне құлақ асу мақсатында баспасөз-мәслихаттары өткізілетін болады.

Сондай-ақ, облыс аймақтарында мемлекеттік қызметтерді көрсететін әрбір мемлекеттік мекеме, оның ішінде мүгедектерге жасалатын  жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектер туралы  әзірленген инфографиялық материалдар, қала, аудан әкімдіктерінің сайттарына тұрақты түрде орналастырылады.

 

 

 

Алматы облысы әкімдігімен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспар мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жобалар тізбесі негізінде ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері мен аудандық, қалалық баспа басылым беттерінде және олардың ресми сайттарында «Жұмыспен қамту  2020 жол картасына» арналған логотипті пайдалана отырып «Отандық өндіріс», «Қала тынысы», «Жұмыспен қамту», «Құрылыс» айдарларымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында жолдарды күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу және т.б әлеуметтік маңызы бар құрылыстардың іске асырылуы мен барысы туралы 35 мақала  жарияланды.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өңірлердегі инфрақұрылымның даму барысы мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуы жөнінде әкімдіктердің жауапты басшыларымен онлайн баспасөз-конференциялары өткізілуде.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша 76 баннер орналастырылған.

Осы тақырып аясында медиа-кеңістікте 62 материал жарияланып көрсетілді. Оның ішінде 10-нан астамы бейнероликтер, 6 афишалар мен ақпараттық материалдар. Облыстық телеарнада 12 бейне-сюжет эфирге шықты.

Бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әзірленген басқа да материалдар аудандық әкімдіктер мен «Тенгри ньюс», «Оптимизм», «365 инфо», «Закон.kz» сайттары, өңірлік баспа басылымдарының Facebook, Instagram, Vk және т.б. әлеуметтік желілеріндегі топтарында кеңінен насихатталуда. Барлық жарияланған материалдар бойынша 200-ге жуық сілтемелер жиналды.

Өңірлік баспа басылымдарында жұмыспен қамту бойынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту мақсатында «Ауыл тұрғындары назарына!» айдарымен хабарландырулар берілуде.