
2020 жылға арналған Медиа-жоспарын жүзеге асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 07-09 қазаны аралығында Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар мен Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Панфилов аудандарында Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 04 тамыздағы № 286 бұйрығының талаптарын түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізілді.
Аталған «Дөңгелек үстелге» Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Джаксыбаева Б.Т., көші-қон бөлімінің бас маманы Югоспаева А.Қ., сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының көрсетілген аудандардың жауапты қызметкерлері қатысты.