Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
2023 жылы мүгедектерді оңалтуға 6,7 млрд. теңге бөлінді, (ЖБ –6.7 млрд. теңге).
Облыс бойынша 2023 жылдың 1 қарашасына барлығы 42552 мүгедектігі бар азаматтар тіркелген:
I топ мүгедектері-4288;
II топ мүгедектері – 16605;
III топтағы мүгедектер – 15069;
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар –6590 адам.
Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 14 жеткізушісі, санаторий-курорттық емдеудің 6 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 28 жеткізуші, 2023жеке көмекші, 41 ымдау тілі маманы енгізілген.
2023 жылғы 1 қарашасына техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедек адамдардың саны 22470 құрайды, 20519 тапсырыс берілді, бұл 91,4%- ды құрайды (орташа республикалық көрсеткіш 84,8% - ды құрайды).
Оның ішінде көмек түрлері бойынша:
- санаторлық-курорттық емдеумен 3703 адам немесе 82,0% ;
- арнайы қозғалыс құралдарымен 846 арба немесе 93,0% ;
- тифлотехникалық құралдармен 1044 бұйым немесе 95,4% ;
- сурдотехникалық құралдармен 706 бұйым немесе 92,5% ;
- міндетті гигиеналық құралдармен 7975 бұйым немесе 96,3% ;
- жеке көмекшінің қызметтерімен 2035 адам немесе 99,2%;
- ымдау тілі мамандары 394 адам немесе 99,8%;