Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет www.elіcense, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат облысқа бөлінген квота шегінде беріледі.
2024 жылға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 03 қантардағы № 1 бұйрығымен бөлінген квота мөлшері – 930 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 36, ІІ санат бойынша - 249, ІІІ санат бойынша - 299, ІV санат бойынша - 113 және маусымдық жұмыстарға – 233 бірлікті құрайды.
2024 жылдың 02 мамыр айына белгіленген квота шеңберінде берілген, ұзартылған рұқсаттардың саны - 184, оның ішінде: I санат бойынша - 3, II санат бойынша - 23, III санат бойынша - 16, IV санат бойынша - 0, маусымдық жұмыстарға - 62. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 80.