Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
2023 жылға арналған
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
- мемлекеттік қызметтер саны-2;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0.
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:
тегін – 1;
ақылы негізде – 1.
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:
қағаз түрінде – 0;
электрондық нысанда – 2.
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 2.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
- бірінші, екінші, үшінші, төртінші санаттар бойынша және маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру; шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта рәсімдеу; шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту; Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу; Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту; Шетелдік қызметкердің тегінің, атының, әкесінің атының, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясының өзгеруіне байланысты және Қазақстан Республикасының жұмыс беруші-заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген оның атауы немесе деректемелері өзгерген жағдайда рұқсатты қайта ресімдеу.
1) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында «құжаттар» бөлімінде басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің ережелері жарияланды. Сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай сайынғы есеп. Рұқсат беру мәселелері жөніндегі комиссияларды өткізу туралы хабарлама және шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты басқа да ақпарат;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат Ашық НҚА порталына жарияланады (https://legalacts.egov.kz/);
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). Ресми сайтта, әлеуметтік желілерде рұқсаттар беруге қатысты ақпарат тұрақты негізде жарияланады.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» және «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нысаны тиісінше Электрондық (толық автоматтандырылған), электрондық болып табылады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Тұрақты негізде біліктілікті арттыру курстары өткізіледі, сертификаттар бар.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Премьер-Министр Орынбасарының Бұйрығы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру немесе ұзарту қағидалары мен шарттары» және 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға оның біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидалары өзін-өзі жұмыспен қамту, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда талап етілетін кәсіптердің тізбесі» жаңа редакцияда бекітілген.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. 2023 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері 2023 жылы бұзушылықтар анықталған жоқ.
4) 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері жүргізілмеген.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиімді жұмысты жалғастыру;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.