Меню

Страницы

Статья

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

2024 жыл басынан бері мүгедектігі бар 42 038 адам тіркелген (1 топ - 4286 адам, 2 топ –16306адам, 3 топ -14 879 адам), 18 жасқа дейінгі балалар -  6 567адам.

Облыста 1334 орындық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 мекеме (мүмкіндігі шектеулі балалар - 2, 18 жастан асқан мүгедектер  - 3, қарттар мен жалпы мүгедектер - 1, ЖБН және КСА) бар. Штаттық бірлік -1029,75 дананы құрайды. 2024 жылы ОӘҚҚ ұстауға 3 903 669мың теңге бөлінді.

Оның ішінде 7 мекеме стационарлық жағдайда:

220 төсек-орынмен 1 қарттар мен жалпы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. 2024 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша 113 адам қызмет алуда.

18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 763 төсектік 3 орталық. 638 адам қызмет алады.

3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арналған 110 орындық 1 балалар орталығы. 96 мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетіледі.

50 орынға арналған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы». 43 адам қызмет алады, оның ішінде 8 әйел және 35 бала.

101 орындық қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы. 46 адамғақызмет көрсетіледі (оның ішінде8 әйел және 35 бала).

90 орындық Қонаев қаласындағы 1 күндізгі келу орталығы. 26 бала қызмет алады.

Үй жағдайында 22 бөлімше қызмет көрсетеді, барлығы 1915 адам қызметпен қамтылған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 13 ҮЕҰ арқылы 510 адам қызмет алады, оның ішінде:

- 2 ҮЕҰ арқылы үйде қызмет көрсетуде 49 адам;

- 11 ҮЕҰ арқылы жартылай стационар жағдайында 461 адам.

Қонаев қаласында «TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарға психологиялық және құқықтық көмек көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық ашылды. 2024 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша 75 адам кеңес алды.

Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен барлығы 3387 адам қамтылған, барлық мұқтаждардың үлесінің 99% құрайды (3400 адам).

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
02 мая 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 июня 2026
Алматы облысында «Қандас» мәртебесін беру бойынша жаңа пилоттық жоба талқыланды
Статистика
17 июня 2025
Салалық статистикалық мәліметтер.
07 января 2025
Әлеуметтік саланың әлеуеті өсуде

Социальные медиа

instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы