"Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы"

"Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығының 25 тармағында айқындалған келесі санаттағы азаматтарға:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

- тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

- тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;

- халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2 403,5 млн. теңге бөлінді, орындалуы 100%. (442 514 адам қамтылды)

Дата публикации
02 декабря 2020