«Aleumet» әлеуметтік қызметтер порталы 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Алматы облысының 24 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын алды. Тағы 2 079 тапсырыс жеткізу кезеңінде тұр.
Портал мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалтудың техникалық құралдарының (ОТҚ) өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Оларды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы рәсімдеуге болады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ны жеткізіп алу немесе алып кету арқылы алуға болады.
Порталды пайдалану үшін электрондық цифрлық кілт, интернет және компьютерде жұмыс істеу дағдысы қажет. Интернетке қол жеткізе алмайтын немесе компьютерді пайдалану дағдысы жоқ мүмкіндігі шектеулі жандар аудандық және ауылдық округтердің әкімдік ғимараттарында немесе әлеуметтік қорғау бөлімдерінде ұйымдастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына жүгіне алады. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері портал арқылы тапсырыс рәсімдеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға немесе олардың өкілдеріне көмек көрсетіледі.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ арбаларды ұсынуды қамтиды. Порталға жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу енгізілген.
Толық кеңес алу үшін Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (адрес: Қонаев қ., 1 шағын аудан., д. 43, байланыс телефоны 8 87771690834) немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:
|
№ |
ЖҚӘББ атауы |
Мекен-жай |
Басшының А.Ж.Т. |
Телефон |
|
1 |
«Балхаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Бақанас ауылы, . Конаев көшесі № 66
|
Булыбаева Рая Избасаровна |
8-(72-773) 91-425
|
|
2 |
«Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Есік қаласы, Алматы көшесі №209
|
Айсина Қалдыгүл Оспаналиевна |
+8-(72-775) 42-436
|
|
3 |
«Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, № 3 «А» |
Базарбаев Жангали Муратбекович |
8 (727-52) 2-21-47 |
|
4 |
«!ле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Ұзынагаш ауылы, Сатпаева көш. 156 |
Сатыбалдина Жанар Молдагуловна |
8(72-770)-2-15-63 |
|
5 |
«Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Қаскелен қ., Абылайхан көш., № 215 |
Кыйлыбаева Алия Жумадиловна |
8(72771) 29-413
|
|
6 |
«Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Кеген ауылы, Момышұлы көш. №19 |
Оразова Бибигуль Айтжановна |
8(727-77) 2-11-34 |
|
7 |
«Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Нарынкол ауылы, Өмірзақов көш,№ 4 |
Фариза Болатқызы |
8-(72-779)-22016 |
|
8 |
«Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Талғар қ., Гагарин көшесі, № 76 |
Айткужакова Гулжан Дауренбековна |
8(72-774) 21717 |
|
9 |
«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Шонжы ауылы, Нысанбаев к-сі, 104
|
Амирдинов Вахидин Амирдинович
|
8 (727-78) 2-12-70 |
|
10 |
«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
Қонаев қ., 1 шағын аудан, 41/1 үй. |
Тұяқбаев Елжас |
8(72772) 22-988 |