2025 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

  1. 1 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ

    2025 жылға жұмыспен қамту шараларының бюджеті – 9 908,3 млн. теңге (ЖСТ – 9 535,3 млн. теңге, МБ – 373 млн. теңге). Игерілді – 4 938,4 млн. теңге немесе 49,8%.

    «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары – 61 230 бірлікті құрайды (Өңірлік карта 14.02.2025 ж. бекітілді).

    Анықтама: 61 230 жұмыс орны:

    - тұжырымдамалар, ұлттық жобалар шеңберінде - 6758 дана;

    - ШОБ жеке бастамалары шеңберінде (МКД мәліметі. ЖК және ЖШС) – 20 673 дана;

    - субсидияланатын жұмыс орындары (ҚЖ, ЖТ, ӘЖО және т.б.) – 12 402 адам;

    - ЭЕБ-дағы жұмыс орындар (бос жұмыс орындар. enbek.kz жүйесіндегі мәліметтер) – 20 446 адам;

    - ХӘОТ үшін 400 АЕК дейін гранттар – 260 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі).

    Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 46 048 адам жүгінді, оның ішінде 36 703 адам жұмыссыз мәртебесін алды.

    Ескі тәсіл бойынша барлығы 23 095 жұмыс орны немесе 37,7% құрылды, оның ішінде жалпы құрылған орындар санынан тұрақты жұмыс орындары – 12 305 немесе 53,3%.

    - субсидияланатын жұмыс орындары – 10 539 бірлік;

    Анықтама:

    - әлеуметтік жұмыс орындары - 518 адам (627 адам жоспардың 82,7%). 155,3 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - жастар практикасы - 584 адам (1093 адам жоспардың 53,4%). 1 160,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - қоғамдық жұмыстар – 7236 адам (7362 адам жоспардың 98,3%). 5 157,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 454 адам (676 адам жоспардың 67,2%). 956,9 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - «Күміс жас» жобасы - 1404 адам (2600 адам жоспардың 54%). 2 576,2 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.

    - ұрпақтар келісімшарты – 22 адам (44 адам жоспардың 50%). 46,7 млн. теңге (ЖБ) бөлінді.

    - тұжырымдамалар, ұлттық жобалар аясында – 375 адам;

    - гранттар беру – 120;

    - дипломмен ауылға – жоқ;

    - бос орындар (enbek.kz порталында) – 7406 адам немесе 36,2%;

    - Ауыл аманаты – жоқ;

    - жеке бастамалар (ШОБ) – 4656 адам немесе 22,5%.

    Анықтама: Санаудың жаңа тәсілі бойынша барлығы 11 600 адам немесе 18,9% жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жалпы құрылған орындар санынан тұрақты жұмыс орындарына – 2482 немесе жалпы жұмысқа орналастырылғандардың 21,4%.

    - субсидияланатын жұмыс орындары – 9118 бірлік, оның ішінде:

    - әлеуметтік жұмыс орындары – 408 адам;

    - жастар практикасы – 437 адам;

    - қоғамдық жұмыстар – 6658 адам;

    - «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 362 адам;

    - «Күміс жас» жобасы - 1237 адам;

    - ұрпақтар келісімшарты – 16 адам.

    - бос орындар (enbek.kz порталында) – 2482 адам немесе 12,1%;

    Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 23 834 адам қамтылды.

    Облыс бойынша бос орындар саны – 1666 хабарландыруға 2876 бос жұмыс орны, тіркелген түйіндемелер саны – 27 036 адам. Орта есеппен
    1 бос орынға 9 адамнан келеді.

    Анықтама: а.ж. 5 наурызынан Еңбекмині есептілікке өзгерістер енгізді, онда жұмыс орындарын құру МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, салықтар түскен жағдайда және оларды «Еңбек нарығы» жүйесінде көрсеткен кезде есепке алынатын болады.

    ЕХӘҚМ деректері бойынша бүгінде облыста 11 600 жұмыс орны құрылды, өйткені шілде айындағы түсімдер а.ж. 15 тамыз кейін көрсетіледі, сондай-ақ БЖЗҚ, МКД жүйелерінде «Еңбек нарығы» АЖ-мен интеграциялаудың болмауында проблемалар бар, аударылған МЗЖ, СО есептерде көрсетілмейді. Осыған байланысты біз дәлелді құжаттарды (төлем тапсырмалары, 1 С-бухгалтериядан тізімді түсіру) дайындадық және Еңбекминіне жолдадық.

     

    Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында жұмыс орындарын құру

    Бақылау жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы арқылы жүргізілетін Ұлттық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарының ішінен жоспарланған 6 758 жұмыс орнынан 375 ж.о. құрылды.

    Анықтама: жобалар бөлінісінде Басқармалар бойынша жағдай төмендегідей.

    1. «Жайлы мектеп» жобасы, әкімшілік - Білім басқармасы. Жобалар – 33, жоспар бойынша 2952 жұмыс орны (әрі қарай - ж.о.) бар. Факт – 6 ж.о.
    2. «ҚР ауылдық аумақтарын дамыту» жобасы, әкімшілік – Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы. Жобалар – 61, жоспар бойынша 2090 ж.о., факт – 136 ж.о.
    3. «2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамыту» жобасы, әкімшілік – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы. Жобалар – 12, жоспар бойынша 736 ж.о., факт – 51 ж.о.
    4. «Жасыл экономикаға» жобасы, әкімшілік – Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы. Жобалар – 6, жоспар - 55 ж.о., факт – 69 ж.о.
    5. «ҚР Көлік инфрақұрылымын 2025 жылға дейін дамыту» жобасы, әкімшілік -Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Жобалар – 11, жоспар – 99 ж.о., факт – 15 ж.о.
    6. «2030 жылға дейінгі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» жобасы, әкімшілік – Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Жобалар – 4 , жоспар бойынша 550 ж.о. бар.
    7. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жобасы, әкімшілік - Ауыл шаруашылығы басқармасы. Жобалар – 5, жоспар бойынша 20 ж.о. факт - 31 р.м
    8. «2026 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» жобасы, әкімшілер - Энергетика және сумен жабдықтау басқармалары. Жобалар – 20, жоспар - 193 ж.о., факт - 55 ж.о.
    9. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы, әкімшілік - Денсаулық сақтау басқармасы. Жобалар – 21, жоспар - 63 ж.о., факт - 12 ж.о.
Дата публикации
08 августа 2025