Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП 02.05.2025 ж. жағдай бойынша

  1. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ

    2025 жылға жұмыспен қамту шараларының бюджеті – 10 658,3 млн. теңге (ЖСТ – 10 291,1 млн. теңге, МБ – 367,1 млн. теңге). Игерілді – 1 723,9 млн. теңге немесе 16,2%.

    «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары – 61 230 бірлікті құрайды (Өңірлік карта 14.02.2025 ж. бекітілді).

    Анықтама: 61 230 жұмыс орны:

    - тұжырымдамалар, ұлттық жобалар шеңберінде - 6758 дана;

    - ШОБ жеке бастамалары шеңберінде (МКД мәліметі. ЖК және ЖШС) – 20 673 дана;

    - субсидияланатын жұмыс орындары (ҚЖ, ЖТ, ӘЖО және т.б.) – 12 402 адам;

    - ЭЕБ-дағы жұмыс орындар (бос жұмыс орындар. enbek.kz жүйесіндегі мәліметтер) – 20 446 адам;

    - ХӘОТ үшін 400 АЕК дейін гранттар – 171 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі).

    Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 29 770 адам жүгінді, оның ішінде 24 483 адам жұмыссыз мәртебесін алды.

    Барлығы 13 348 жұмыс орны немесе 21,8% құрылды, оның ішінде жалпы құрылған орындар санынан тұрақты жұмыс орындары – 5 430 немесе 40,7%.

    - субсидияланатын жұмыс орындары – 7 837 бірлік;

    Анықтама:

    - әлеуметтік жұмыс орындары - 386 адам (627 адам жоспардың 61,6%). 155,3 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - жастар практикасы - 367 адам (1093 адам жоспардың 33,6%). 1 160,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - қоғамдық жұмыстар – 5699 адам (7287 адам жоспардың 77,4%). 5 157,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 231 адам (676 адам жоспардың 34,2%). 956,9 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

    - «Күміс жас» жобасы - 1150 адам (2600 адам жоспардың 44,2%). 2 576,2 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.

    - ұрпақтар келісімшарты – 5 адам (44 адам жоспардың 11,3%). 46,7 млн. теңге (ЖБ) бөлінді.

    - тұжырымдамалар, ұлттық жобалар аясында – 82 адам;

    - гранттар беру – жоқ;

    - дипломмен ауылға – жоқ;

    - бос орындар (enbek.kz порталында) – 3868 адам немесе 18,9%;

    - Ауыл аманаты – жоқ;

    - жеке бастамалар (ШОБ) – 1561 адам немесе 7,6%.

    Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 15 109 адам қамтылды.

    Облыс бойынша бос орындар саны – 1 951 бос жұмыс орны, тіркелген түйіндемелер саны – 22 548 адам. Орта есеппен 1 бос орынға 12 адамнан келеді.

    Анықтама: а.ж. 5 наурызынан Еңбекмині есептілікке өзгерістер енгізді, онда жұмыс орындарын құру МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, салықтар түскен жағдайда және оларды «Еңбек нарығы» жүйесінде көрсеткен кезде есепке алынатын болады.

    ЕХӘҚМ деректері бойынша бүгінде облыста 648 жұмыс орны құрылды, өйткені ақпан айындағы түсімдер а.ж. 15 наурызынан кейін көрсетіледі, сондай-ақ БЖЗҚ, МКД жүйелерінде «Еңбек нарығы» АЖ-мен интеграциялаудың болмауында проблемалар бар, аударылған МЗЖ, СО есептерде көрсетілмейді. Осыған байланысты біз дәлелді құжаттарды (төлем тапсырмалары, 1 С-бухгалтериядан тізімді түсіру) дайындадық және Еңбекминіне жолдадық.

Дата публикации
12 мая 2025