1 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ
2025 жылға жұмыспен қамту шараларының бюджеті – 10 658,3 млн. теңге (ЖСТ – 10 291,1 млн. теңге, МБ – 367,1 млн. теңге). Игерілді – 590,2 млн. теңге немесе 5,5%.
«Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары – 61 230 бірлікті құрайды (Өңірлік карта 2025 жылғы 14 ақпанда бекітілді).
Анықтама: 61 230 жұмыс орны:
- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар шеңберінде - 6758 дана;
- ШОБ жеке бастамалары шеңберінде (МКД мәліметі. ЖК және ЖШС) – 20 673 дана;
- субсидияланатын жұмыс орындары (ҚЖ, ЖТ, ӘЖО және т.б.) – 12 402 адам;
- ЭЕБ-дағы жұмыс орындар (бос жұмыс орындар. enbek.kz жүйесіндегі мәліметтер) – 20 446 адам;
- ХӘОТ үшін 400 АЕК дейін гранттар – 171 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі).
Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 22 350 адам жүгінді, оның ішінде 18 202 адам жұмыссыз мәртебесін алды.
Барлығы 10 763 жұмыс орны немесе 17,6% құрылды, оның ішінде жалпы құрылған орындар санынан тұрақты жұмыс орындары – 5 175 немесе 48,1%.
- субсидияланатын жұмыс орындары – 5 588 бірлік;
Анықтама:
- әлеуметтік жұмыс орындары - 261 адам (627 адам жоспардың 41,6%). 155,3 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).
- жастар практикасы - 274 адам (1093 адам жоспардың 25,1%). 1 160,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).
- қоғамдық жұмыстар – 4130 адам (7287 адам жоспардың 56%). 5 157,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).
- «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 107 адам (676 адам жоспардың 15,8%). 956,9 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).
- «Күміс жас» жобасы - 814 адам (2600 адам жоспардың 31,3%). 2 576,2 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.
- ұрпақтар келісімшарты – 2 адам (44 адам жоспардың 4,5%). 46,7 млн. теңге (ЖБ) бөлінді.
- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар аясында – жоқ
- гранттар беру – жоқ;
- дипломмен ауылға – жоқ;
- бос орындар (enbek.kz порталында) – 4167 адам немесе 20,4%;
- Ауыл аманаты – жоқ;
- жеке бастамалар (ШОБ) – 1008 адам немесе 4,9%.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 12 451 адам қамтылды.
Облыс бойынша бос орындар саны – 1 540 бос жұмыс орны, тіркелген түйіндемелер саны – 21 049 адам. Орта есеппен 1 бос орынға 14 адамнан келеді.
Анықтама: а.ж. 5 наурызынан Еңбекмині есептілікке өзгерістер енгізді, онда жұмыс орындарын құру МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, салықтар түскен жағдайда және оларды «Еңбек нарығы» жүйесінде көрсеткен кезде есепке алынатын болады.
ЕХӘҚМ деректері бойынша бүгінде облыста 648 жұмыс орны құрылды, өйткені ақпан айындағы түсімдер а.ж. 15 наурызынан кейін көрсетіледі, сондай-ақ БЖЗҚ, МКД жүйелерінде «Еңбек нарығы» АЖ-мен интеграциялаудың болмауында проблемалар бар, аударылған МЗЖ, СО есептерде көрсетілмейді. Осыған байланысты біз дәлелді құжаттарды (төлем тапсырмалары, 1 С-бухгалтериядан тізімді түсіру) дайындадық және Еңбекминіне жолдадық.