2025 жылдың қаңтар айында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

2025 жылдың қаңтар айында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

1 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ

2025 жылға жұмыспен қамту шараларының бюджеті – 10 658,3 млн. теңге (ЖСТ – 10 291,1 млн. теңге, МБ – 367,1 млн. теңге).

«Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары – 61 230 бірлікті құрайды (Өңірлік картаны бекіту а.ж. қаңтар айының соңына жоспарлануда).

Анықтама: 61 230 жұмыс орны:

- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар шеңберінде - 6758 дана;

- ШОБ жеке бастамалары шеңберінде (МКД мәліметі. ЖК және ЖШС) – 20 673 дана;

- субсидияланатын жұмыс орындары (ҚЖ, ЖТ, ӘЖО және т.б.) – 12 402 адам;

- ЭЕБ-дағы жұмыс орындар (бос жұмыс орындар. enbek.kz жүйесіндегі мәліметтер) – 20 446 адам;

- ХӘОТ үшін 400 АЕК дейін гранттар – 260 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі).

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 8144 адам жүгінді, оның ішінде 6135 адам жұмыссыз мәртебесін алды.

Барлығы 1160 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 567 немесе 48,9%.

- субсидияланатын жұмыс орындары – 593 ед;

Анықтама:

- әлеуметтік жұмыс орындары - 00 адам (627 адам жоспардың 00%). 155,3 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- жастар практикасы - 9 адам (1093 адам жоспардың 0,8%). 1 160,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- қоғамдық жұмыстар – 558 адам (7287 адам жоспардың 7,6%). 5 157,4 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 00 адам (676 адам жоспардың 00%). 956,9 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- «Күміс жас» жобасы - 26 адам (2600 адам жоспардың 1%). 2 576,2 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.

- ұрпақтар келісімшарты - 00 адам (44 адам жоспардың 00%). 46,7 млн. теңге (ЖБ) бөлінді.

- бос орындар (enbek.kz порталында) – 567 адам немесе 2,8%.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1 083 адам қамтылды.

Облыс бойынша бос орындар саны – 1791 бос жұмыс орны, тіркелген түйіндемелер саны – 9671 адам. Орта есеппен 1 бос орынға 5 адамнан келеді.

Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында жұмыс орындарын құру

Бақылау жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы арқылы жүргізілетін Ұлттық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарының ішінен 6 758 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

«Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту – 102 адам (2 260 адам жоспардың 4,5%).

Дата публикации
10 февраля 2025