2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

1 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ

2024 жылға жұмыспен қамту шараларының бюджеті – 8 188,2 млн. теңге (ЖСТ – 7 938,7 млн. теңге, МБ – 249,5 млн. теңге). Игерілді – 8 188,2 млн. теңге немесе 100%.

«Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары – 66 006 бірлікті құрайды, оның ішінде тұрақты – 50 577 бірлік (76,6%), уақытша – 15 429 бірлік (23,4%).

Анықтама: 66 006 жұмыс орны:

- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар шеңберінде - 6758 дана (факт – 2881 ед. немесе 42,6%);

- ШОБ жеке бастамалары шеңберінде (МКД мәліметі. ЖК және ЖШС) – 23 443 дана (факт – 30353 ед. немесе 129,5%);

- субсидияланатын жұмыс орындары (ҚЖ, ЖТ, ӘЖО және т.б.) – 12 063 адам (факт – 11799 адам немесе 97,8%);

- ЭЕБ-дағы жұмыс орындар (бос жұмыс орындар. enbek.kz жүйесіндегі мәліметтер) – 20 446 адам (факт – 25 344 адам немесе 124%);

- жастарға шағын несие беру - 1,96 млрд. теңгеге 392 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі);

- ХӘОТ үшін 400 АЕК дейін гранттар – 260 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі,
ЖСТ-дан 382,4 млн. теңге игерілді. Екі лектің қорытындысы бойынша грант алғандар саны – 259 адам, оның ішінде қайтарғандар – 1 адам).

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 69 257 адам жүгінді, оның ішінде 47 238 адам жұмыссыз мәртебесін алды.

Барлығы 70 682 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 57 582 немесе 81,5%.

- субсидияланатын жұмыс орындары – 11 799 ед;

Анықтама:

- әлеуметтік жұмыс орындары - 601 адам (598 адам жоспардың 100,5%). 173,4 млн. теңге игерілді (ЖСТ).

- жастар практикасы - 972 адам (1008 адам жоспардың 96,4%). 825 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- қоғамдық жұмыстар – 8162 адам (8342 адам жоспардың 97,8%). 5 450,5 млн. теңге игерілді (ЖСТ).

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 580 адам (575 адам жоспардың 100,9%).
460 млн. теңге игерілді (ЖСТ).

- «Күміс жас» жобасы - 1444 адам (1500 адам жоспардың 96,3%). 1 453,5 млн. теңге (ЖСТ) игерілді.

- ұрпақтар келісімшарты - 40 адам (40 адам жоспардың 100%). 28,6 млн. теңге (ЖБ) игерілді.

- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар аясында – 2881 адам немесе 42,6%;

- гранттар беру – 259 адам немесе 99,6%;

- шағын несиелер беру – 00 адам;

- бос орындар (enbek.kz порталында) – 25 344 адам немесе 124%;

- БЖК аясында – 45 адам;

- жеке бастамалар (ШОБ) – 30 353 адам немесе 129,5%.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 44 138 адам қамтылды.

 

ББАО, пробация туралы ақпарат

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін заңмен қайшылықтары бар 306 адам жүгінді (оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 63 адам, пробация қызметінде есепте тұрған 243 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 294 адам қамтылды, оның ішінде:

- 269 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды:

- квотадан тыс 134 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 17 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, 117 адам пробация қызметінде есепте тұрғандар;

- квота шеңберінде - 135 адам, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 35 адам, пробация қызметінен 100 адам.

- 17 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді;

- 1 адам – әлеуметтік жұмыс орны;

- 3 адам – алғашқы жұмыс орны;

- 1 адам – жастар тәжірибесіне;

- 3 адам – қысқа мерзімдік курсқа.

ББАО бойынша жұмыс орындарының квотасын орындау – 35 немесе жоспардан 66% (53);

Пробация бойынша жұмыс орындарының квотасын орындау –
100 немесе жоспардан 95,2% (105);

МБТ жұмыс орындарының квотасын орындау – 122 немесе жоспардан 73,5% (166);

Жетімдер бойынша жұмыс орындарының квотасын орындау – 1 немесе жоспардан 50% (2).

 

Қысқа мерзімді оқыту

Ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспары - 800 адам бөлінген қаражат – 259,4 млн. теңге. 624 адам немесе 78% жіберілді.

- білім беру ұйымдарында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқыту жоспар - 700 адам, факт – 463 адам.

- жұмыс орнында оқыту - 100 адам, факт – 161 адам.

Оқытудың негізгі бағыттары: тігінші – 139 адам, шаштараз – 79 адам, аспаз – 78 адам, кондитер – 56 адам, тракторшы – 38 адам және т.б.

enbek.kz платформасында дағдыларды үйрету – жоспар – 2 800 адам, факт – 3158 немесе 112,8%.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту – 2954 адам (2 340 адам жоспардың 126,2%).

Дата публикации
15 января 2025