Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 722 бұйрығымен 2020 жылға бөлінген квота мөлшері – 2238 бірлікті, оның ішінде  І санат бойынша - 70,                ІІ санат бойынша - 461, ІІІ санат бойынша - 985, ІV санат бойынша - 244 және маусымдық  жұмыстарға – 478 бірлікті құрайды.

         2020 жылдың 1 қарашасына берілген рұқсаттардың саны - 344, ұзартылғаны- 357, қайта рәсімделгені-29. Оның ішінде: І санат бойынша - 18, ІІ санат бойынша – 132, ІІІ санат бойынша - 308, ІV санат бойынша – 12, маусымдық жұмыстарға-102 және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде  -158 бірлік.

         Облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 77 мекеме мен кәсіпорында 811 шетелдік азаматтардың қолданыстағы рұқсаттары бар.Оның ішінде: I санат – 21 адам(2,6%),  II санат - 150(18,5%), III санат - 325(40,0%), IV санат - 12(1,5%), маусымдық жұмыстарда-83(10,2%),  және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде  -220(27,1%), бірлік.

         Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 258 млн. теңгені құрады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
Дата публикации
02 октября 2020