2024 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

1 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ

2024 жылға жұмыспен қамту шараларының бюджеті – 10 148,2 млн. теңге (ЖСТ – 7 952,7 млн. теңге, РБ – 1 960 млн. тенге, МБ – 235,5 млн. теңге). Игерілді – 4 617,5 млн. теңге немесе 45,5%.

«Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары – 66 006 бірлікті құрайды, оның ішінде тұрақты – 50 577 бірлік (76,6%), уақытша – 15 429 бірлік (23,4%).

Анықтама: 66 006 жұмыс орны:

- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар шеңберінде - 6758 дана (факт – 781 ед. немесе 11,6%);

- ШОБ жеке бастамалары шеңберінде (ЕХӘҚМ тізімі. ЖК және ЖШС) – 23 443 дана (факт – 13423 ед. немесе 57,3%);

- субсидияланатын жұмыс орындары (ҚЖ, ЖТ, ӘЖО және т.б.) – 12 063 адам (факт – 9897 адам немесе 82%);

- ЭЕБ-дағы жұмыс орындар (бос жұмыс орындар. enbek.kz жүйесіндегі мәліметтер) – 20 446 адам (факт – 11632 адам немесе 56,9%);

- жастарға шағын несие беру - 1,96 млрд. теңгеге 392 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі);

- ХӘОТ үшін 400 АЕК дейін гранттар – 260 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі,
590,7 млн. теңге (ЖСТ-384, ЖБ-206,7) бөлінді. Екі лектің қорытындысы бойынша грант алғандар саны – 260 адам).

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 48 919 адам жүгінді, оның ішінде 33 987 адам жұмыссыз мәртебесін алды.

Барлығы 33 567 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 23 282 немесе 69,4%.

Анықтама: - субсидияланатын жұмыс орындары – 9897 адам;

- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар аясында – 781 адам;

- гранттар беру – 260 адам;

- шағын несиелер беру – 00 адам;

- бос орындар (enbek.kz порталында) – 11632 адам;

- АШБ несиелері – 00 адам;

- жеке бастамалар (ШОБ) – 13423 адам.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 27 500 адам қамтылды.

Барлығы 21 529 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыс берушілердің бос орындарына – 11 632 адам, мемлекетпен субсидияланатын орындарға – 9897 адам.

Анықтама: субсидияланатын жұмыс орындары – 9897 бірлік (жоспардан 82% 12 063 адам), оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындары - 521 адам (598 адам жоспардың 87,1%). 132,3 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- жастар практикасы - 672 адам (1008 адам жоспардың 66,7%). 652,1 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- қоғамдық жұмыстар – 6912 адам (8342 адам жоспардың 82,9%). 5 450,5 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 487 адам (575 адам жоспардың 84,5%).
360,2 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- «Күміс жас» жобасы - 1274 адам (1500 адам жоспардың 84,9%). 705,5 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.

- ұрпақтар келісімшарты - 31 адам (40 адам жоспардың 77,5%). 23,3 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.

 

ББАО, пробация туралы ақпарат

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін заңмен қайшылықтары бар 239 адам жүгінді (оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 42 адам, пробация қызметінде есепте тұрған 197 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 229 адам қамтылды, оның ішінде:

- 201 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды:

- квотадан тыс 103 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 11 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, 92 адам пробация қызметінде есепте тұрғандар;

- квота шеңберінде - 98 адам, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 20 адам, пробация қызметінен 78 адам.

- 20 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді;

- 1 адам – әлеуметтік жұмыс орны;

- 3 адам – алғашқы жұмыс орны;

- 1 адам – жастар тәжірибесіне;

- 3 адам – қысқа мерзімдік курсқа;

- 1 адам АӘК тағайындалды.

 

Қысқа мерзімді оқыту

Ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспары - 800 адам бөлінген қаражат – 259,4 млн. теңге. 365  адам немесе 44,6% жіберілді.

- білім беру ұйымдарында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқыту жоспар - 700 адам, факт – 283 адам.

- жұмыс орнында оқыту - 100 адам, факт – 82  адам.

Ваучер - жоспар 48 адамға 2,5 млн. теңге бөлінді.

enbek.kz платформасында дағдыларды үйрету – жоспар – 2 800 адам, факт – 2579 немесе 92,1%.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту – 2726 адам (2 340 адам жоспардың 116,5%).

 

Статистикалық мәліметтер

Статистика деректері бойынша 2024 жылғы 2 тоқсан бойынша жұмыссыздар саны 35,1 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,7% (2024 ж. І тоқсаны - 4,6%), бұл орташа республикалық деңгеймен бірдей (ҚР–4,7%).

Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,1% құрады (2024 ж. ІІ тоқсаны – 3,3%) және орташа республикалық деңгейден 0,1%-ға төмен (ҚР-3,2%).

Жұмыссыз жастардың саны 9 361 адамды құрады, 2024 жылғы
1 тоқсанмен салыстырғанда 2,2%-ға төмендеді (9565 адам).

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 4,4% құрады (2023 ж. 2 тоқсан 5,5%) орташа республикалық деңгейден 0,8%-ға төмен (ҚР-5,2%).

NEET жастарының саны - 27 064 адам немесе 6,8% (2024 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 1,5% - ға төмендеді. ҚР - 349 059 адам немесе 6,5%), 2024 жылдың басымен салыстырғанда 5957 адамға аз (2024 жылғы 1 тоқсанға – 33 021 адам).

Дата публикации
05 сентября 2024