2024 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

2024 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімдерімен атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

 

1 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ

2024 жылға жұмыспен қамту шараларының бюджеті – 10 148,2 млн. теңге (ЖСТ – 7 952,7 млн. теңге, РБ – 1 960 млн. тенге, МБ – 235,5 млн. теңге).

«Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары – 66 006 бірлікті құрайды, оның ішінде тұрақты – 50 577 бірлік (76,6%), уақытша – 15 429 бірлік (23,4%).

Анықтама: 66 006 жұмыс орны:

- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар шеңберінде - 6758 дана (факт – 276 ед. немесе 4,1%);

- ШОБ жеке бастамалары шеңберінде (ЕХӘҚМ тізімі. ЖК және ЖШС) – 23 443 дана (факт – 6822 ед. немесе 29,1%);

- субсидияланатын жұмыс орындары (ҚЖ, ЖТ, ӘЖО және т.б.) – 12 063 адам (факт – 7803 адам немесе 64,7%);

- ЭЕБ-дағы жұмыс орындар (бос жұмыс орындар. enbek.kz жүйесіндегі мәліметтер) – 20 446 адам (факт – 3573 адам немесе 17,5%); 

- жастарға шағын несие беру - 1,96 млрд. теңгеге 392 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі);

- ХӘОТ үшін 400 АЕК дейін гранттар – 260 адам (ЖҚҮжӘББ мәліметі,
590,7 млн. теңге (ЖСТ-384, ЖБ-206,7) бөлінді. Гранттардың бірінші легі а.ж. 20-31 мамыр аралығына өтті. Грант алғандардың нәтижесі а.ж. маусым айының соңында шығады).

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 33 270 адам жүгінді, оның ішінде 25 095 адам жұмыссыз мәртебесін алды.

Барлығы 18 474 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 10 405 немесе 56,3%.

Анықтама: - субсидияланатын жұмыс орындары – 7803 адам;

- тұжырымдамалар, ұлттық жобалар аясында – 276 адам;

- гранттар беру – 00 адам;

- шағын несиелер беру – 00 адам;

- бос орындар (enbek.kz порталында) – 3573 адам;

- АШБ несиелері – 00 адам;

- жеке бастамалар (ШОБ) – 6833 адам.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 15 523 адам қамтылды.

Барлығы 11 376 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыс берушілердің бос орындарына – 3573 адам, мемлекетпен субсидияланатын орындарға – 7803 адам.

Анықтама: субсидияланатын жұмыс орындары – 7803 бірлік (жоспардан 64,7% 12 063 адам), оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындары - 441 адам (598 адам жоспардың 73,7%). 132,3 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- жастар практикасы - 301 адам (1008 адам жоспардың 29,9%). 652,1 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- қоғамдық жұмыстар – 5763 адам (8342 адам жоспардың 69,1%). 5 450,5 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 316 адам (575 адам жоспардың 55%).
360,2 млн. теңге бөлінді (ЖСТ).

- «Күміс жас» жобасы - 970 адам (1500 адам жоспардың 64,7%). 705,5 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.

- ұрпақтар келісімшарты - 12 адам (40 адам жоспардың 30%). 23,3 млн. теңге (ЖСТ) бөлінді.

 

Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында жұмыс орындарын құру

Бақылау жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы арқылы жүргізілетін Ұлттық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарының ішінен 6 758 жұмыс орны жоспарында 276 орын немесе 4,1% құрылды.

Анықтама: жобалар бөлінісінде Басқармалар бойынша жағдай төмендегідей.

  1. «Жайлы мектеп» жобасы, әкімшілік - Білім басқармасы. Жобалар – 28, жоспар бойынша 1749 жұмыс орны (әрі қарай - ж.о.) бар, барлығы 10 ж.о. немесе 0,6% құрылды.
  2. «ҚР ауылдық аумақтарын дамыту» жобасы, әкімшілік - Экономика басқармасы. Жобалар – 76, жоспар бойынша 462 ж.о., 45 ж.о. немесе 9,7% құрылды.
  3. «Жасыл экономикаға» жобасы, әкімшілік – Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы. Жобалар-6, жоспар - 45 ж.о., 75 ж.о. немесе 166,7% құрылды.
  4. «ҚР Көлік инфрақұрылымын 2025 жылға дейін дамыту» жобасы, әкімшілік -Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Жобалар – 28, жоспар – 883 ж.о., факт – 22 ж.о. немесе 2,5%.
  5. «2030 жылға дейінгі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» жобасы, әкімшілік – Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Жобалар-5, жоспар бойынша 920 ж.о. бар, барлығы 46 ж.о. немесе 5% құрылды.
  6. «Алматы облысын дамыту бағдарламасы» жобасы, әкімшілік - Цифрлық технологиялар басқармасы. Жобалар – 1, жоспар - 26 ж.о., факт - 4 ж.о. немесе 15,4%.
  7. «2026 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» жобасы, әкімшілер - Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары. Жобалар – 38, жоспар - 880 ж.о., факт - 70 ж.о. немесе 8%.
  8. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы, әкімшілік - Денсаулық сақтау басқармасы. Жобалар – 29, жоспар - 243 ж.о., факт - 4 ж.о. немесе 1,6%.

 

ББАО, пробация туралы ақпарат

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін заңмен қайшылықтары бар 171 адам жүгінді (оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 35 адам, пробация қызметінде есепте тұрған 136 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 145 адам қамтылды, оның ішінде:

- 117 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды:

- квотадан тыс 66 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 9 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, 57 адам пробация қызметінде есепте тұрғандар;

- квота шеңберінде - 51 адам, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 15 адам, пробация қызметінен 36 адам.

- 19 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді;

- 1 адам – әлеуметтік жұмыс орны;

- 3 адам – алғашқы жұмыс орны;

- 1 адам – жастар тәжірибесіне;

- 3 адам – қысқа мерзімдік курсқа;

- 1 адам АӘК тағайындалды.

 

Қысқа мерзімді оқыту

Ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспары - 800 адам бөлінген қаражат – 259,4 млн. теңге. 251 адам немесе 31,4% жіберілді.

- білім беру ұйымдарында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқыту жоспар - 700 адам, факт – 185 адам.

- жұмыс орнында оқыту - 100 адам, факт – 66 адам.

Ваучер - жоспар 48 адамға 2,5 млн. теңге бөлінді.

enbek.kz платформасында дағдыларды үйрету – жоспар – 2 800 адам, факт – 1969 немесе 70,3%.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту – 1927 адам (2 340 адам жоспардың 82,4%).

 

Статистикалық мәліметтер

Статистика деректері бойынша 2024 жылғы 1 тоқсан бойынша жұмыссыздар саны 34,8 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,6%, бұл орташа республикалық деңгейден 0,1% төмен (ҚР–4,7%).

Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2% құрады (2023 ж. – 3.5%) және 2023 ж. 1тоқсанымен салыстырғанда 0,1%-ға төмен (ҚР-3,1%).

Жұмыссыз жастардың саны 9 565 адамды құрады, 2023 жылғы
1 тоқсанмен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді (9608 адам).

Сондай-ақ 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға (2023 ж. 1 тоқсан 6%-дан 2021 жылғы 1 тоқсанда 4,1%-ге дейін) төмендеді. (ҚР – 5,2%).

NEET жастарының саны - 33 021 адам немесе 7% (2023 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 1,9% - ға төмендеді. ҚР - 377 873 адам немесе 7,3%), 2023 жылдың басымен салыстырғанда 2343 адамға аз (2023 жылғы 1 тоқсанға – 35 364 адам).

Жеке тұлғалардың банкроттығы

Tazalau.qoldau.kz порталының ақпаратына сәйкес 2023 жылғы
3 наурыз бен 2024 жылдың 5 маусым аралығында 11 825 өтініш қабылданып, 839 - рәсім қолданылды, 9014 - бас тартылды, қарауда - 217, рәсім тоқтатылды - 91 адамға, банкрот деп танылды – 1662 адам.

Банкрот деп танылғандардың 24,1% - Қарасай ауданынан (400 адам), 19,5% - Іле (324 адам), 17% - Талғар (282 адам), 16,5% - Еңбекшіқазақ
(274 адам), 3,8% - Райымбек (64 адам), 5,5% - Қонаев (92 адам), 3,6% - Ұйғыр
(60 адам), 2,5% - Кеген (41 адам), 5,6% - Жамбыл (93 адам), 1,9% - Балқаш
(32 адам) аудандарынан.

Банкроттыққа өтінім бергендерге монгиторинг жүргізілді. 12,3%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады (1449 адам), 4,9%-ы АӘК алушылар (584 адам). Осы контингентпен біздің қызметтер мемлекеттік қолдау шаралары бойынша нүктелік жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, ақпараттық жұмыспен әлеуметтік осал топтарындағы 10 751 адам қамтылды, оның ішінде 6 204 сауалнама қабылданды (4918 азамат банкроттыққа арыз беруге ниет білдірді).

 

«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша

«AMANAT» партиясы Halyk Bank-мен бірлесіп, а.ж. жеке тұлғалар арасындағы мәселелі қарызы бар тұлғалардың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы іске қосылды.

Бүгінгі таңда халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде (ХӘОТ, АӘК алушылар), жұмыс топтары құрылды (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, Мансап орталықтары).

Барлығы 4372 адам оқуды аяқтады (жоспар – 8500). Оқыту ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттырудың бекітілген бағдарламасына сәйкес офлайн-форматта жүргізіледі (оқу мерзімі – 5 күн, 1 топта – 30-50 адам). Оқыту партияның аудандық филиалдарының ғимараттарында өтуде.

Анықтама: азаматтардың санаттары:

  1. Несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізілімінде тұрған тұлғалар;
  2. Ағымдағы қарыздары бар және мерзімі өтіп кетуі мүмкін қарыздары бар тұлғалар;
  3. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, жеңілдетілген несие алатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.

Премьер-Министрдің орынбасары Т.Б. Дүйсеновамен өткен кеңес отырысының хаттамасына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасы бойынша АӨК немесе экономика мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдарға облыстық Жобалық кеңселер құру, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктей отырып, жобалық кеңсенің жұмысын қайта жаңғыртуды үйлестіру және «Ауыл Аманаты» жобаларын басқарудың барлық процестеріне қолдау көрсету.

Сондай-ақ, отбасылардың материалдық жағдайын, АӘК алу заңдылығын зерделеу, шағын несиелер мен гранттар алған жастардың мониторингі бойынша аудандарға скринингтік тексеру жүргізу үшін көшпелі жұмыс тобы құрылды. 28.09.2023 жылдан бастап аудандарға көшпелі іс-сапарлар өткізіледі.

 

 

 

ОСК-ға сәйкес аудандардың рейтингі

2022 жылдан бастап Отбасының сандық картасы (ОСК) пилот ретінде іске қосылды. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпаратын жинақтайтын жүйе. ОСК-да отбасылар 5 санатқа бөлінеді - A, B, C, D, E, яғни берекеліден дағдарыстағыға дейін.

ОСК-ның деректері бойынша облыста кірісі 1 (бір) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің индексі 1,27 құрайды.

Сондай-ақ, кедейлiк деңгейi бойынша аудандардың рейтингi қалыптасты. Облыста барлығы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 208 057 отбасы (674 731 адам) бар. Кедейлік деңгейінен көш бастаушылар – Жамбыл (47,5%), Еңбекшіқазақ (44,7%), Қарасай (43,9%), Балқаш (42%), Райымбек (40,1%), Ұйғыр (39%) аудандары.

Анықтама: одан әрі Кеген (38,6%), Іле (35,9%), Талғар (35,2%), Қонаев қаласы (30,3%).

ОСК деректері бойынша облыста жұмыссыздық деңгейі бойынша 3 айдан астам аударымдары (МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, БЗЖҚ, МӘМС ӘСМҚ) жоқ 341 843 жұмыссыз бар. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Жамбыл (47,9%), Еңбекшіқазақ (47%), Қарасай (45%), Ұйғыр (42,1%), Балқаш (40,4%) аудандары көш бастап тұр.

Анықтама: одан әрі Райымбек (39,7%), Іле (39,6%), Талғар (38,8%), Кеген (36,1%) аудандары, Қонаев қаласы (34,3%).

Құрамында еңбекке қабілетті адамдардың бірде-біреуі жұмыспен қамтылмаған отбасылар саны 129 862 құрайды. Еңбекке қабілетті адамдар қатарындағы отбасылардың үлесі – 30,1%. Жамбыл (35,8%), Еңбекшіқазақ (33%), Қарасай (32,5%), Іле (27,5%), Балқаш (27,4%),  Ұйғыр (27,2%) аудандары көш бастап тұр.

Анықтама: одан әрі Талғар (26,3%), Райымбек (26%), Кеген (24,7%) аудандары, Қонаев қаласы (24,6%).

Скрининг аясында аз қамтылған отбасылар мен жұмыссыздардың тізімдері жүктелді. Қоңырау шалу, үй-үйді аралау арқылы мәртебесі нақтыланып, оларды жұмыспен қамту шараларына тарту, қажет болған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыспен қамту шаралары бойынша 214 881 адаммен жұмыс жасалынды, оның ішінде 186 633 – жұмысқа орналастыру шараларынан бас тартты (денсаулығына байланысты – 20128, бала күтіміне байланысты – 15616, оқуға – 1688, шаруа қожалығы, жеке кәсікпкерлігі бар – 41519, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 36377, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткендер – 47, облыста тұрмайтындар – 17675, жұмыс істеуге құлшынысы жоқ – 34187, қайтыс болғандар – 24, зейнеткерлер – 503, басқалары - 18869), жұмысқа орналасуға келісім бергендер – 28 248 адам (жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар – 10647, жұмысқа орналасқандар – 13697, бір апта ішінде МО-на келеді – 3904, бас тартқандар – 1563, есептен шығарылғандар - 157).

Анықтама: ең төменгі көрсеткіш Қарасай (23,6%), Еңбекшіқазақ (27,7%) аудандары, Қонаев қаласы (35,6%).

Қоңырау шалу кезінде көптеген адамдар телефон қоңырауларына жауап бермейді немесе оларды бұдан былай мазаламауды сұрайды.

АӘК алушылар санын теңестіру мақсатында шағын несие беру («Ауыл аманаты», «Жастарға шағын несие беру» жобалары) арқылы өз ісін ашуға тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

ОСК бойынша «Е» санатына енгізілген (шұғыл кризисті), алайда көрсетілген деңгейден жоғары табысы бар отбасылар бойынша материалдар дайындау жүргізілуде. Мәліметтер ОСК жаңарту үшін (отбасының жақсы материалдық жағдайын растау ретінде) Еңбек министрлігіне жіберіледі.

Анықтама: мәліметтер жиналды - фото, материалдық жағдайдың бейнесі, аулаларда отбасына тіркелмеген жылжымайтын мүліктің болуы, жақсы тұрғын үй жағдайларының болуы және т.б.

Бүгінгі күні скрининг Е және D санаттары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде (136 а.о. мен қалаларда) «Е» санатында 25 557 отбасы (98 532 адам), «D» санатында 121 675 отбасы (334 559 адам) анықталды.

Анықтама: «Е» санаты бойынша: жұмыспен қамтылғандар – 1796 адам, балабақшаға орналастырылғандар – 1488 адам, колледжге түсуге көмек көрсетілгендер – 248 адам, тұрғын үй кезегінде – 1373 адам, тұрғын үймен қамтамасыз етілген – 116 адам, кезекте тұрғандар жер – 2005 адам, берілген жер – 103 адам, қайырымдылық көмек – 1556 адам, «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқудан өткен – 163 адам, оқуға жіберілген – 193 адам, АӘК – 2807 адам, гранттар беру – 68 адам, шағын беру несиелер – 144, басқа да көмек түрлері – 1060.

«Д» санаты бойынша: жұмыспен қамтылғандар – 4854 адам, балабақшаға орналастырылғандар – 1851 адам, колледжге түсуге көмек көрсетілгендер – 625 адам, тұрғын үй кезегінде – 2159 адам, тұрғын үймен қамтамасыз етілген – 87 адам, кезекте тұрғандар жер – 7339 адам, берілген жер – 811 адам, қайырымдылық көмек – 3661 адам, «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқудан өткен – 123 адам, оқуға жіберілген – 167 адам, АӘК – 10341 адам, гранттар беру – 96 адам, шағын беру несиелер – 72, басқа да көмек түрлері – 860, «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар – 42.

 

 

 

 

 

Отбасының сандық картасы

1) 2 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелеріне бармайтын балалар (ҚР ЖК), барлығы 57 553 адамның 29 360 (51%) пысықталды;

2) 6 жастан 18 жасқа дейінгі мектепке немесе ТжКБ-ға бармайтын балалар (ҚР ЖК) барлығы 16 657 адамның 11 750 (70,7%) пысықталды;

3) МӘМС жүйесімен (ҚР ДСМ) қамтылмаған адамдар саны, барлығы 299 396 адамның 160 533 (53,6%) пысықталды;

4) «NEET» жастары (18 жастан 35 жасқа дейін) (ҚР АҚДМ), барлығы 45 994 адамның 27 110 (58,9%) пысықталды;

5) қорларға аударымы жоқ ЖК, ШҚ, ФҚ саны (ҚР Қаржымині/ҚР АШМ) барлығы 42 568 адамның 18 325 (32,5%) пысықталды;

6) тіркелген жері бойынша тұрмайтын адамдардың саны (ҚР ІІМ) барлығы 237 546 адамның 18 187 (7,7%) пысықталды.

ОСК-на түсушілердің ведомстволық деректерін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыс деңгейінде бұл жұмысты Білім және денсаулық сақтау басқармалары жүргізеді. Орталықтандырылған деңгейде ӨХК (ІІБ), Қаржымині және АШМ (МКД және АШМ), ІІМ (ДП) арқылы. Облыс деңгейінде үйлестіру мақсатында тұрақты кеңестер өткізіледі, бақылау жүзеге асырылады.

 

2 ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

2024 жылы атаулы әлеуметтік төлем төлеуге 51,3 мың адамға 4,2 млрд. теңге қарастырылған.

Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек 5 355 отбасына (30 087 адамға, оның ішінде 21 008 бала)
1294,7 млн. теңге көлемінде төленді.

2024 жылы ай сайынғы төлемге 1 жастан 6 жасқа дейінгі АӘК алушылар қатарына 12578 балаға 592,4 млн. теңге бөлінді.

Жыл басынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі АӘК алушылар қатарындағы 9 669 балаға 178,9 млн. теңге көлемінде қосымша төлем төленді.

Көмек түрі

Төлем көлемі

Жоспар

млн. теңге

Факт

адам

Факт

млн. теңге.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек (МББ)

5 АЕК – 19 660 теңге

780,4

2392

171,2

Баспаналық көмек

отбасылық табыстың үлесі 10%-дан асса

106,4

279

6,7

Туберкулезбен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек

5 АЕК – 19 660 теңге

214,3

529

49,1

Мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларға әлеуметтік көмек

8 АЕК – 31 456 теңге

102,3

1038

32,4

Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын алуға біржолғы әлеуметтік көмек

5 АЕК – 19 660 теңге

684,9

4769

88,0

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша төленетін біржолғы әлеуметтік көмек (төтенше әлеуметтік көмек)

200 АЕК – 784 400 теңге

0

9

10,3

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша жеңілдіктер

3 АЕК – 11 076 теңге

1,2

8

0,443

Біржолғы әлеуметтік көмек (ҰОС, Чернобыль, Ауғанстан, Желтоқсан оқиғалары)

184 600 теңге

539,9

4841

574,2

Пробация бөлімінде бас бостандығынан айыру орындарынан қоғамнан оқшауланбай босатылған азаматтарға әлеуметтік көмек

15 МРП - 55 380 теңге

10,6

99

5,5

АҚТҚ жұқтырған балаларға төлем

2 ПМ - 86 814 теңге

60,4

57

18,5

Қайырымдылық көмек

азық-түлік, киім және т.б.

0

18807

60,1

БАРЛЫҒЫ

 

2500,4

32 828

1016,4

 

3 МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ҚОЛДАУ

Жыл басынан мүгедектігі бар 42 210 адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 6 662 адам (-23 адам).

Анықтама: 1 топ - 4347 адам (+22 адам), 2 топ – 16 283 адам (-456 адам), 3 топ –
14 918
адам (+48 адам), 18 жасқа дейінгі балалар – 6 662 адам (+23 адам).

2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға жергілікті бюджеттен 7,2 млрд. теңге бөлінді.

Анықтама: әлеуметтік көмек порталында тізілімге – 22 ТОҚ жеткізуші, 9 санкур қызметтерін беруші, 20 арнайы әлеуметтік көмек беруші, 1919 жеке көмекшілер, 377 ым тілі маманы кіргізілген.

Жыл басынан мұқтаждардың (барлық мұқтаждар 16 028 адам) 73,4% құрайтын 11 749 мүгедектігі бар тұлға (ҚР – 66,3%) техникалық оңалту құралдарын, санаторлық-курорттық ем, жеке көмекші қызметі және ымдау тілі қызметтеріне тапсырыс берген.

Анықтама:

Қозғалыс құралдары – 510 адам, 84,8%;

Тифлотехникалық құралдар – 451 адам, 84,7%;

Сурдотехникалық құралдар – 265 адам, 77,3%;

Гигиеналық құралдар – 5199 адам, 93,4%;

Жеке көмекші қызметтері – 1919 адам, 98,9%;

Протездік-ортопедиялық көмек – 1740 адам, 59,1%;

Ым тілі қызметі – 377 адам, 93,9%;

Санаториялық-курорттық емдеу – 1288 адам, 34,7%.

Облыста 1334 орындық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 мекеме (мүмкіндігі шектеулі балалар – 2, 18 жастан асқан мүгедектер – 3, қарттар мен жалпы мүгедектер – 1, ЖБН және ӘБО) бар. Штаттық бірлік – 1029,75 дананы құрайды. 2024 жылы ОӘҚҚ ұстауға 3 903 669  мың теңге бөлінді.

Оның ішінде 7 мекеме стационарлық жағдайда:

220 төсек-орынмен 1 қарттар мен жалпы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 111 адам қызмет алады (жыл басынан қамту – 148 адам).

18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 763 төсектік 3 орталық. 641 адам қызмет алады (жыл басынан қамту – 659 адам).

3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арналған 110 орындық 1 балалар орталығы. 96 мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетіледі (жыл басынан қамту – 105 адам).

50 орынға арналған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы». 25 адам қызмет алады, оның ішінде 5 әйел және 20 бала (жыл басынан қамту – 115 адам, оның ішінде әйелдер – 27, балалар – 88).

101 орындық қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы. 40 адамға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 33 ер, 7 әйел (жыл басынан қамту – 113 адам).

90 орындық Қонаев қаласындағы күндізгі келу орталығы. 30 бала қызмет алады (жыл басынан қамту – 30 адам).

Үйде қызмет көрсетуде 22 бөлімше қызмет көрсетеді, барлығы 2101 адам қызметпен қамтылған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 13 ҮЕҰ арқылы 510 адам қызмет алады, оның ішінде:

- 2 ҮЕҰ арқылы үйде қызмет көрсетуде 49 адам;

- 11 ҮЕҰ арқылы жартылай стационар жағдайында 461 адам.

Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен барлығы 4321 адам қамтылған, барлық мұқтаждардың үлесінің 99,7% құрайды (4335 адам).

2023 жылы 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды (Қиын жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы – Іле ауданы, Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі емдеу орталығы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы - Қонаев қ.) және Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы 1 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы.

 

Ашылуы жоспарланған орталықтар.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қонаев қаласында 150 төсек-орындық мүгедектерге арналған 2 орталық (2024-25 ж.ж.) салу арқылы оңалту орталықтары желісін кеңейту (кешенді жоспар бойынша Қонаев қаласы бойынша 3,5 га жер телімі бөлінді. Бюджеті – 9 млрд. теңге) және Есік қаласына 100 орындық (жер телімі 3,5 га– бұрынғы Солнышко лагері. «Қамқорлық» арқылы жабдықталу жоспарланған) жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қонаев қаласында салааралық орталық («Шарапат» орталығының аумағындағы ғимарат, 2000 ш.м.) ашу жоспарлануда, онда ТСР саябағы, әлеуметтік қызметкерлерді әдістемелік қамтамасыз ету және оқыту орталығы, әлеуметтік қызметкерлерді оқыту орталығы орналасады. аутизм спектрі бұзылған және басқа да психикалық бұзылыстары бар балалар 125 балаға («Қамқорлық» бастамасының үшінші кезеңін іске асыру шеңберінде).

 

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2023 жылғы қаңтарда аудан әкімінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 6 қаулысы негізінде құрылған.

2024 жылдың мамыр айында «Asamatsha KZ» қоғамдық қоры арқылы Қарасай ауданында Қаскелең қаласы, Байғазиева көшесі, 201 үй мекенжайы бойынша 520 орындық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, жұмыс жасауда.

Есік қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру бойынша олардың физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру үшін бірқатар қызметтерді ұсынады.

Орталықтың негізгі идеясы – зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтендіру, білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық-сауықтыру және демалыс шараларының кешені арқылы өзін-өзі күту және белсенді қозғалыс қабілетін сақтаған егде жастағы адамдардың белсенді өмір салтын қолдау.

Орталық келесі қызметтерді көрсетеді: скандинавиялық серуендеу, йога, цигун (қытай гимнастикасы), халық билері, ағылшын және қазақ тілдері, психологиялық тренинг, жадты нығайту әдістері, жаттығу терапиясы, хор және жеке ән айту, еңбек терапиясы, ДПИ, IT сауаттылығы, аквааэробика, актерлік шеберлік, заңгерлік кеңестер мен дәрістер.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлік жастағы 403 адам тіркеліп, оларға 12 465 қызмет көрсетілді.

 

Инфрақұрылым нысандарын бейімдеу

Жол картасының 84, 85-тармақтарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде 5 жылда 1324 нысанды бейімдеу жоспарлануда (2023 жылы бейімдеу жұмыстары 217 нысан бойынша жүргізілді).

Инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 330 нысанды бейімдеу жоспарланған (жоспарлы сома 489,4 млн. теңге). Жыл басынан 9 нысанға (Қонаев қ. – 3, Жамбыл ауданы – 6) бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Әр ауданда қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, мониторингтік топ құрылды.

Нысанды алаңға бейімдеу аяқталғаннан кейін мониторинг тобы нысанға мониторинг жүргізеді, содан кейін ақпарат интерактивті қолжетімділік картасына енгізіледі.

Бүгінгі күні интерактивті картада 1324 нысан бойынша деректер бар.

 

«Жанұя» орталықтары бойынша

Сонымен қатар, «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жол картасын орындау мақсатында отбасылық жанжалдарды шешу және балалы әйелдерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету орталықтарын кезең-кезеңімен құру (2023 - 2 бірлік, 2024 – 2, 2025 - 2, 2026 - 2) жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Іле аудандары мен Қонаев қаласында «Жанұя» орталықтары ашылып, онда 2728 адам тіркелген, 4591 адамға ақпараттық-ресурстық, 1179 адамға құқықтық кеңес, 870 адамға психологиялық кеңес, 429 адам базалық тренингтер мен курстарға қатысты. 223 мәдени іс-шара өткізілді.

Кеген ауданында әлеуметтік қызмет көрсету үйін ашу жоспарлануда, оның негізінде отбасылық жанжалдарды шешу және әйелдерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырылады (қаражат бөлуге тиісті бюджеттік өтінім жолданды).

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары бойынша

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны деп танылған адамдар үшін 2023 жылы «тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек орталығы» КММ (бұдан әрі-орталық) құрылды.

Анықтама: жоба қуаттылығы 50 орын, өз қызметін Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 2 желтоқсан №383 қаулысы негізінде жүзеге асырады

150 нөмірі бойынша жедел желіге телефон арқылы кеңес беру, байланыс орталығы - 1307, орталықтың телефоны 8-727-391-62-50 (тәулік бойы, тегін, құпия түрде).

Орталық құпия және өтеусіз сипатқа ие, барлық қызмет алушыларға уақытша болу және тұру жағдайында (6 айға дейінгі мерзімде) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылады.

Орталықтың жұмыс істеген кезеңінде аудандар бөлінісінде қызмет алушылар туралы ақпарат

Барлық уақытта Орталықта 115 адам қызмет алды, оның ішінде аудандар бөлінісінде:

Еңбекшіқазақ ауданынан 26 қызмет алушы түсті, оның ішінде әйелдер - 5, балалар – 21;

Қарасай ауданынан – 20 адам, әйелдер – 5, балалар – 15;

Іле ауданынан – 12 адам, әйел – 4, балалар – 8;

Жамбыл ауданынан – 24 адам, әйелдер – 4, балалар – 20;

Райымбек ауданынан – 5 адам, әйелдер – 1, балалар – 4;

Талғар ауданынан – 17 адам, әйелдер – 5, балалар – 12;

Талдықорған қ. – 4 адам, әйел – 1, балалар – 3;

Балқаш ауданынан – 5 адам, әйелдер – 1, балалар – 4.

2024 жылға орталықта 2023 жылдан ауыспалы – 18 қызмет алушы бар, оның ішінде әйелдер – 6, балалар – 12. 97 қызмет алушы келіп түсті. Оның ішінде әйелдер – 21, балалар – 76. 97 қызмет алушы шықты, оның ішінде әйелдер – 19, балалар – 53.

01.06.2024 жылғы жағдай бойынша 25 адам қызмет алады, оның ішінде әйелдер – 5 адам, балалар – 20 адам.

Анықтама: 36 қызмет алушыға ЭЦҚ кілтін алуға көмек көрсетілді, көп балалы ананың жәрдемақысын алуға, құжаттарды қалпына келтіруге – 3 қызмет алушыға оның ішінде 1 балаға, 2 ересек адамға көмек көрсетілуде (жеке куәлік, балалардың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік), мектепке 23 қызмет алушы, жұмысқа 7 қызмет алушы орналастырылды.

Психологтың кеңесі және жеке басын тексеру - 38 қызмет алушы, агрессорлармен психологиялық жұмыс - 6 адам.

36 қызмет алушы тұлғааралық жанжалдар, ажырасу, алимент және мүлікті бөлу мәселелері бойынша заңгерден кеңес алды, 10 қызмет алушы алиментке, 5 қызмет алушы ажырасуға, 3 қызмет алушы банкроттыққа өтінім берді.

Отбасымен қауышу - 36 қызмет алушы, оның ішінде - 7 әйел, 29 бала.

Қызмет алушылар бөлмелерде 2-5 адамнан тұрады (анасы мен балалары). Барлық қызмет алушылар тұрмыстық қызметтермен (кептіру, үтіктеу, төсек-орын жабдықтарын, киім-кешек пен іш киімді дезинфекциялау) қамтамасыз етілген.

Барлық көрсетілетін қызметті алушылар 5 реттік ыстық тамақпен, барлық қажетті төсек-орынмен қамтамасыз етумен, аналар мен балаларға арналған киім-кешек пен аяқ киім ұсынумен, автотасымалдау қызметтерімен, қалаға жеке істері бойынша (өздеріне және балаларға қажетті заттарды сатып алу), мәдени-бұқаралық іс-шараларға, мектепке барумен қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету орталығында 4 медбике жұмыс істейді. Әлеуметтік-медициналық қызметтерді тұрғындар аурудың сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психологиялық жағдайына қарай уақытылы және қажетті көлемде қызмет алады.

Қызмет алушылардың түсуіне қарай Қонаев қаласының қалалық көпсалалы ауруханасында тіркелген халық тіркелімінде (ТХТ) тіркеу жүзеге

БАҚ-пен жұмыс. 63 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, оның 4 - теледидарда - «Жетісу», 59 Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланымдар, орталықтың сайтында 12 жарияланым орналастырылған.

 

«Қазақстан Халқына» қорымен жұмыс

Бір әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ақжол-М» үкіметтік емес ұйымы (Талғар ауданы) мүгедектігі бар 58 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Ағымдағы жылы аталған ұйым қайырымдылық қорларының көмегімен қолда бар ғимаратқа қосымша «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының арқасында 956,5 млн. теңгеге жабдықталатын оңалту бөлімшесіне арналған жертөле үй-жайы бар жаңа үш қабатты ғимарат іске қосылды.

Орталықтың ашылуы 2024 жылдың 27 ақпанында өтті.

4 ШЖК тарту  

 

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense веб-порталдары арқылы көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың басынан бері 45 кәсіпорынға 324 рұқсат берілді/ұзартылды, оның ішінде:

- I санат бойынша – 5;

- II санат бойынша – 43;

- III санат бойынша – 30;

- IV санат бойынша – 0;

- маусымдық жұмыстарға – 93;

- ішкі корпоративтік аударым бойынша – 153.

Салық жинау 64 111 580 теңгені құрады, барлық уақытқа салық жинау – 123 924 867 теңге.

Бүгінгі күнге 62 кәсіпорында рұқсат қағазымен жұмыс істейтін шетелдік жұмысшылардың саны 555 құрайды.

Қазақстан азаматтарының саны – 9 051 адам.

 

 

5 ИМИГРАНТТАРДЫҢ ЕҢБЕГІНЕ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ҰЗАРТУ

2023 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 541 бұйрығымен Алматы облысында иммигранттардың еңбегін жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін 35 000 дана көлемінде квота белгіленді.

Рұқсат 3 елден: Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген еңбек иммигранттарына беріледі.

Жыл басынан бері облыс бойынша 30 497 еңбек иммигранттарына рұқсаттар беріліп, 3092 ұзартылды, оның ішінде аудандар бойынша:

 

№

Аудандар атауы

Рұқсаттар берілді

Ұзартылды

1

Балқаш

226

17

2

Еңбекшіқазақ

4325

403

3

Жамбыл

1874

183

4

Іле

4202

323

5

Қарасай

11893

1503

6

Райымбек

79

4

7

Кеген

140

1

8

Талғар

5963

529

9

Ұйғыр

518

15

10

Қонаев қ.

1277

114

 

Облыс бойынша барлығы:

30 497

3 092

 

 

 

 

 

6 ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ/ҰЗАРТУ

2024 жыл басынан бері қандас мәртебесі 2524 этникалық қазаққа (1209 отбасы) берілді, оның ішінде елдер бойынша:

  1. Өзбекстан – 640 адам (379 отбасы);
  2. Қытай – 1828 адам (791 отбасы);
  3. Монғолия – 26 адам (15 отбасы);
  4. Түркіменстан – 9 адам (4 отбасы);
  5. Ресей – 9 адам (9 отбасы);
  6. Қырғызстан – 6 адам (6 отбасы);
  7. Тәжікстан – 2 адам (2 отбасы);
  8. Түркия – 4 адам (3 отбасы).

Қандас мәртебесі 288 этникалық қазаққа созылды. Аудандар бойынша қандас мәртебесі берілді:

  1. Еңбекшіқазақ – 962/430
  2. Жамбыл – 582/269
  3. Іле – 316/174
  4. Қарасай – 402/205

5.Талғар – 180/97

  1. Қонаев қ. – 17/5
  2. Ұйғыр – 46/21
  3. Кеген – 16/6
  4. Райымбек – 3/2

Барлығы: 2524 адам, 1209 отбасы.

Анықтама: Облыста 1991 жылдан 2023 жылға дейін Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы арқылы 223 750 этникалық қазаққа (73 236 отбасы) беріліп, 1061 адамға қандас мәртебесі ұзартылды.

2024 жылға арналған көрсеткіш (жоспар) – 5 285.

 

 

7 БОСҚЫН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ

Бүгінгі таңда 54 шетелдік азамат баспана іздеушілер мәртебесіне ие, оның ішінде елдер бойынша: Ауғанстан – 40, Украина – 9, ҚХР – 3, Латвия – 1, Сирия – 1.

Олардың нақты санын нақтылау және «босқын» ақпараттық жүйесіне бұрын енгізілген ІІД мәліметтерін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Бүгінгі таңда 12 шетелдік азамат босқын мәртебесіне ие, оның ішінде елдер бойынша: Ауғанстан – 1, ҚХР – 3, Украина – 7, Түркия – 1.

8 ҚОНЫС АУДАРУ

Облыс еңбекке жарамды адамдары мол аймаққа жататындықтан, қоныс аудару квотасы белгіленбейді. Дегенмен, жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүзеге асырады.

Жыл басынан жалпы 25 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Сонымен қатар, жұмыс күші жетіспейтін облыстардан (солтүстік аумақтардан) делегацияларды қабылдап, ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы солтүстік өңірлерге жалпы саны 21 адамнан тұратын 9 отбасы өз бетінше қоныс аударды, оның ішінде:

- Абай облысына – 9 отбасы (21 адам).

 

 

Есебі
Дата публикации
22 июня 2024