Жұмыспен қамту шаралары буклеті

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ШАРАЛАРЫ

 

Әлеуметтік кодекс шеңберінде жұмыспен қамтуды қолдаудың келесідей шаралары іске асырылуда:

  1. аудандық Мансап орталықтарымен жолдау немесе enbek.kz порталы арқылы ЭЦҚ-мен дербес түрде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу. Яғни жұмыс берушілердің (enbek.kz порталында) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;

 

  1. мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, оның ішінде:
  • ЖОО-да, колледжде оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған жастарға арналған «жастар тәжірибесі» жобасы. Қатысу мерзімі - 12 айдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
  • жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жастарға арналған «алғашқы жұмыс орны» жобасы. Қатысу мерзімі - 18 айдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
  • ЖОО-да, колледжде оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде 35 жастан аспаған жастарға арналған «ұрпақтар келісімшарты» жобасы. Жұмысқа орналастыру кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстырумен жүзеге асырылады. Қатысу мерзімі - 6 айдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
  • біліктілігі жоқ жұмыссыздарға (16 жастан зейнеткерлік жасқа дейін) қоғамдық пайдалы жұмыстарға арналған «қоғамдық жұмыстар» жобасы. Қатысу мерзімі - 1 жылдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
  • еңбекақы төлеу бөлігін субсидиялай отырып, жұмыссыздар үшін «әлеуметтік жұмыс орындары» (жұмыссыздар үшін жалақының 35%-ны, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін жалақының 70%-ы). Қатысу мерзімі - 1 жылдан аспайды, еңбекақы төлеу - 35%, мүгедектігі бар азаматтарға ҮЕҰ-ға 70%;
  1. 2,5% - бен 5 млн. теңгеге дейін шағын несиелеу. Мемлекет басшысының бастамасымен 2023 жылдан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастардың бизнес-жобаларына несие берудің жаңа тетігі енгізілді.

         Нысаналы топ: жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 21 жастан
35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары.

Несие беру шарттары: қарыз сомасы - 5 млн. теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5%, қарыз мерзімі – мал шаруашылығын дамыту үшін – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін - 5 жылға дейін.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – шағын несие мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.

  1. қайта оқытуға жолдау. Мансап орталықтарына жүгінген жағдайда оқыту бағдарламалары (курстары) бар:
  • еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер бойынша (бухгалтер, аспаз, тракторист машинист, кондитер, тігінші және т.б.) 30 мың теңге стипендия төлей отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (3-6 ай). Оқуды аяқтаудың міндетті шарты - тұрақты жұмысқа орналасу.
  • enbek.kz. порталы арқылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша бизнес негіздеріне онлайн оқыту. Оқыту онлайн, өз бетінше;
  • дағдыларды онлайн оқыту enbek.kz. порталында тегін және жоспарлы курстар бар. Оқыту онлайн, өз бетінше.

Толық кеңес алу үшін облысымыздағы жұмыссыздар Алматы облысының Еңбек мобильділігі орталығына жүгіне алады (мекен-жайы: Қонаев қ., 1 шағын ауданы, д. 41/1 «Бәйтерек» БО, Тел.+7 (727) 724 07 81, 87082907380), немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық Мансап орталықтарына келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:

№

МО атауы

Мекенжайы

Эл.мекенжайы

Телефон

1

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Еңбекшіқазақ ауданының мансап орталығы» филиалы

Есік, Алматинская көш., 209.

kc.enbekshikazahsk@mail.ru

+7 (727) 754 05 53

2

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Кеген ауданының мансап орталығы» филиалы  

Кеген, Д.Конаев көш., №137

kc_kegen@mail.ru

+7 (727) 772 90 05

3

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Талғар ауданының мансап орталығы» филиалы  

Талғар, Қонаев көш., 97/1

kc_talgar@mail.ru

+7 (727) 295 68 75

4

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Қарасай ауданының мансап орталығы» филиалы  

Шамалған,  Жібек Жолы көш., 45

qarasay.mansap.ortalygy@mail.ru

+7 (727) 715 61 89

 

5

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Райымбек ауданының мансап орталығы» филиалы  

Нарынқол, Абай көш., 100

talgat.arulan@mail.ru

+7 (727) 792 20 32

 

6

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Іле ауданының мансап орталығы» филиалы  

Өтеген батыр. Батталханов көш., 7 Б

kc_ili@mail.ru

+7 (727) 389 53 53

7

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Қонаев қаласының мансап орталығы» филиалы  

Қонаев, 1 шағын ауданы, 41/1 үй

karernyy.tsentr@mail.ru

+7 (727) 724 07 81

8

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Жамбыл ауданының мансап орталығы» филиалы

Ұзынагаш Қараш батыр 120

kc_zhambyl@mail.ru

+7 (727) 702 11 66

9

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Балқаш ауданының мансап орталығы» филиалы

Бақанас, Т.Рысқұлов көш., 51 үй

balqash_mo@mail.ru

+7 (727) 739 11 23

10

«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Ұйғыр ауданының мансап орталығы» филиалы

Шонжы, Ж.Құдайбергенова, көш., 70а

Ortalyk_uyg@mai.ru

+7 (727) 782 27 20

 

 

 

Жұмыспен қамту шаралары буклеті
Дата публикации
21 мая 2024