Буклет ЛСИ

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту

 

Жыл басынан мүгедектігі бар 42 573 адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 6 639 адам.

Анықтама: 1 топ - 4325 адам, 2 топ – 16 739 адам, 3 топ – 14 870  адам,                    18 жасқа дейінгі балалар – 6639 адам.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік абилитациялау және оңалту мыналарды қамтиды.

1) техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді және оларды пайдалануға үйретуді;

 Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптаушысына сәйкес есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда қамтамасыз ету, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.

2)  жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметін ұсынуды;

Жеке көмекшінің қызметтері жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен күніне сегіз сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.

 Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекшінің қызметтері оған күтім жасайтын адамға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде ұсынылмайды.

Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

3) есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуды;

Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтері уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.

Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жеке көмекшіні және (немесе) ымдау тілі маманын таңдауды жүзеге асырады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету.

  1. Мүгедектігі бар адамдар тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыстарды жеке бағдарламадағы ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.
  2. Мүгедектігі бар адам тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруді оған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жеке бағдарлама іс-шараларының жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
  3. Мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен белгіленетін кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар.

      Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.

  1. Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.
  2. Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және мөлшерде төленеді.

Толық кеңес алу үшін біздің облыстың ЛСИ Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (адрес: Қонаев қ., 1 шағын аудан., д. 43, тел. 7 7053157451;                    8 87771690834) немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:

 

№

 ЖҚӘББ атауы

Мекен-жай

Басшының А.Ж.Т.

Телефон

1

«Балхаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Бақанас ауылы, . Конаев көшесі № 66

 

Булыбаева Рая Избасаровна

8-(72-773) 91-425

 

2

«Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Есік қаласы,

Алматы көшесі №209

 

Айсина Қалдыгүл Оспаналиевна

+8-(72-775) 42-436

 

3

«Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Өтеген батыр кенті, Титов көшесі,                      № 3 «А»

Базарбаев Жангали Муратбекович

8 (727-52) 2-21-47

4

«!ле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Ұзынагаш ауылы, Сатпаева көш. 156

Айтенова Жумагуль Смайловна

8(72-770)-2-15-63

5

«Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Қаскелен қ.,

 Абылайхан көш., № 215

Кыйлыбаева Алия Жумадиловна

8(72771) 29-413

 

6

«Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Кеген ауылы, Момышұлы көш. №19

Оразова Бибигуль Айтжановна

8(727-77)          2-11-34

7

«Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Нарынкол ауылы,

Өмірзақов көш,№ 4

Нұрбек Жанат Нұрбекұлы

8-(72-779)-22016

8

«Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Талғар қ., Гагарин көшесі, № 76

Айткужакова Гулжан Дауренбековна

8(72-774) 21717

9

«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Шонжы ауылы,

Нысанбаев к-сі, 104

 

Амирдинов Вахидин Амирдинович

 

8 (727-78) 2-12-70

10

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Қонаев қ.,                     1 шағын аудан, 41/1 үй.

Абдалиев Ернур Женисбаевич

8(72772) 22-988

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2024