Атаулы әлеуметтік көмек
Әлеуметтік кодекстің 120 бабына сәйкес Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде отбасының әрбір мүшесіне есептей отырып есептейді.
Облыс бойынша 2024 жылдың 2 тоқсанына кедейлік шегі 34 911 теңгені құрайды.
Осы Кодекске сәйкес балаларға қосымша төлем атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш (1,5 АЕК=5 538 теңге) мөлшерінде, бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда беріледі.
Тұрғын үй көмегі
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығына сәйкес аудандық, қалалық мәслихаттар «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімдер бекітілді.
Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес, тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық қалалық мәслихаттар шешімімен «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін» айқындайды.
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
Оқу шығындарын өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға 8 АЕК (29 536 теңге) көлемінде беріледі.
Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық қалалық мәслихаттар шешімімен «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін» бекітеді.
Әлеуметтік сала қызметкерлеріне жылына бір рет 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық, қалалық мәслихаттардың шешімімен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» қағида бекітілген. Жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік көмектер көрсетіледі.
- туберкулезбен індетіне шалдыққан азаматтарға әлеуметтік көмек 7 АЕК (25844 теңге) көлемінде беріледі,
-АИТВ жұқтырған балаларға әлеуметтік көмек 2 КД (86814 теңге) көлемінде беріледі,
-ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер 3 АЕК (11076 теңге) мөлшерінде беріледі,
-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға әлеуметтік көмек 5 АЕК (18460 теңге) көлемінде көрсетіледі,
-жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша төленетін біржолғы әлеуметтік көмек (төтенше жағдай кезінде) 200 -400 АЕК (738400 – 1476800 теңге) көлемінде беріледі, жыл басынан бері 6 отбасына 5,9 млн. теңге төленді;
-пробация қызметі бөлімінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек 15 АЕК (55380 теңге) көлемінде көрсетіледі,
-Жеңіс күніне біржолғы әлеуметтік көмек ҰО соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне 450 АЕК (1661400 теңге) мөлшерінде көрсетіледі,
-Ауған соғысының қаза тапқан қатысушылары мен мүгедектерінің ауған жауынгерлерімен және олардың отбасыларына 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде беріледі, біржолғы әлеуметтік көмек жыл басынан 1077 адамға 198,8 млн. теңге төленді;
-Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерін орындаған ҚР әскери қызметшілеріне 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді,
-Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ҚР әскери қызметшілеріне біржолғы әлеуметтік көмек 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде беріледі,
-Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгер ретінде қатысқан ҚР әскери қызметшілеріне біржолғы әлеуметтік көмек 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде беріледі,
-Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға, қайтыс болған қатысушылардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде беріледі
-ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқандарға біржолғы әлеуметтік көмек 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде беріледі;
-бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жарақат алу, контузия алу, мертігу салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 50 АЕК (186400 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі,
-Даманск қатысушыларына біржолғы әлеуметтік көмек 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде беріледі,
-бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі не майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек 50 АЕК (186400 теңге) көлемінде беріледі,
-Ленинград қаласында блокада кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "блокадалық Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек 20 АЕК (73840 теңге) көлемінде беріледі,
-Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына біржолғы әлеуметтік көмек 30 АЕК (110760 теңге) мөлшерінде беріледі,
-Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбек пен мінсіз әскери қызмет жасағандарға 15 АЕК (55380 теңге) көлемінде беріледі,
-Ұлы Отан соғысында қайтыс болған мүгедектің немесе жеңілдіктері бойынша екінші рет некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның жұбайына (зайыбына) біржолғы әлеуметтік көмек 5 АЕК (55380 теңге) көлемінде беріледі,