Облыс бойынша халықты жұмыспен қамту
2020 жылы 48999 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 47988 (97,9%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 23199 тұрақты орындар (48,3 %).
Анықтама үшін. Бағдарламалар бөлінісінде:««Индустриялық-инновациялық дамыту» бағдарламасы шеңберінде - 406, «Нұрлы жер» бағдарламасы - 2243, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы - 410, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту» бағдарламасы - 584, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша - 1226, «Аймақты дамыту» бағдарламасы - 1187, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» - 21369 және жеке бастамалар арқылы - 20136.
2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Алматы облысына 16,1 млрд. теңге қаралды.
Бағдарламаның бағыттары бойынша.
Бірінші бағыт –Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1535 адам оқыту жоспарланып отыр.
2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер (шаштараз, тігінші, визажист, маникюр, кондитер және т.б.) бойынша қысқа мерзімді оқытуға 1965 адам жолданды (жоспар - 2505 адам).
Екінші бағыт – Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 1094 адамға шағын несие беріледі. Бүгінгі күнге ауылдық жерлерде 567 адамға 2308,9 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.
3) жаңа бизнес – идеялардыіскеасыруға 2142 адамға 1299,2 млн. теңгеге мемлекеттік грант беріліп, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беріледі.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 1233 адамға грант берілді.
Үшінші бағыт Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 20474 адам қамтылды:
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне Солтүстік-шығыс өңірлерге өз бетімен 400 адамнан тұратын 124 отбасы қоныс аударды. Оның ішінде
- Солтүстік-Қазақстан облысына – 27 отбасы (109 адам);
- Павлодар облысына - 49 отбасы (157 адам);
- Қостанай облысына – 16 отбасы (50 адам);
- Шығыс Қазақстан облысына – 32 отбасы (84 адам).
Қоныс аударған отбасылардың ішінде 141 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, оның ішінде:
- Солтүстік-Қазақстан - 23 адам;
- Павлодар – 80 адам;
- Қостанай – 19 адам;
- Шығыс Қазақстан - 19 адам.
Бүгінгі күнге облыс тұрғындарына ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде.