Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Облыс бойынша бюджет есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 2231 орынға арналған 13 мекеме жұмыс істейді.

Оның ішінде: Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі                      570 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетуде (350 орындық «Шапағат» Текелі АӘҚ көрсету орталығы» КММ, оның ішінде 30 орын күндіз болуға арналған және 220 орындық «Қапшағай АӘҚ көрсету орталығы» КММ). 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 506 адам қызметпен қамтылды. 

18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге қызмет көрсететін 1240 орынға арналған алты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар («Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 505 орындық, «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 320 орындық, «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 157 орындық, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 110 орындық, «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 108 орындық, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 40 орындық). 2020 жылдың 1 шілдесіне 1253 адам қызмет алды. 

Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған                    231 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар (130 орындық «Қамқор» Талдықорған АӘҚ көрсету орталығы» КММ, 101 орындық «Аяла» Талғар АӘҚ көрсету орталығы» КММ). Аталған мекемелерде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 188 бала қызметпен қамтылды.

Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 190 орындық үш күндізгі болу орталықтары жұмыс істейді («Бәйтерек» күндізгі болу орталығы» КММ – 90 орындық, «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ – 40 орындық, «Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ – 60 орындық). 2020 жылдың 1 шілдесіне 200 бала арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.

Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 46 бөлімше жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 4058 адам, оның ішінде: 1636 бала және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 2422 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетілді.

Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында 178 адамға, жартылай стационар жағдайында 190 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік - жеке меншік әріптестік аясында Талғар ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі болу орталығында жыл басынан 25 бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Дата публикации
10 июля 2020