2021 жылғы 2 тоқсандағы Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есепке талдамалық ақпарат
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту жатады.
Мемлекеттік қызмет "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат беру және (немесе) ұзарту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы". Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м. А. 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығы негізінде көрсетіледі
2) "Қандас"мәртебесін беру және ұзарту.
Мемлекеттік қызмет «Шетелден келген этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М " бұйрығы негізінде көрсетіледі.
2021 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 1710 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай - ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту-359. (барлығы электронды түрде, "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі арқылы).
Жыл басынан бері 265 рұқсат берілді, 80 - і ұзартылды, ШЖК құжаттарындағы өзгерістерге байланысты 14 рұқсат қайта ресімделді.
«Қаңдас мәртебесін беру және ұзарту»
2021 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы арқылы 1351 этникалық қазаққа (933 отбасына) "қандас"мәртебесі берілді.
Басқарма сайтында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен стандарттары, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің инфографикасы орналастырылған.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсініктемелер беріледі.
Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген қызметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар болған жоқ.
2021 жылға көрсетілетін мемлекеттік қызметті түсіндіру бойынша Медиа-жоспар әзірленді және бекітілді.