ЖОБА
Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27,37-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523қаулысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 344 бұйрығына сәйкес, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының заң бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Облыс әкімі М.Сұлтанғазиев