Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің |
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
3) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
4) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) болған жағдайда құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру жалпы мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды ұсынған кезде жергілікті атқарушы органның не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама береді.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде өтініш берушінің құжаттары «электрондық үкімет шлюзі» арқылы жергілікті атқарушы органға беріледі.
Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) басқа өңірде тіркелгені анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган «Қандас» ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.
ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН генерациясы жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ді пайдаланады.
«Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен «Қандас» ААЖ-ға енгізеді және ЖСН генерациялау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ) электрондық сұрау салу жібереді.
Деректер өзгерген жағдайда («Қандас» ААЖ-ға қате деректерді енгізген немесе мәліметтерді жойған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ-нің «Көші-қон полициясы» АЖ-ында дербес деректердің жүргізілген өзгерістері туралы хабарлама жібереді.
Жергілікті атқарушы орган:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес келмеген;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі фактісі анықталған кезде қандас мәртебесін беруден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілелетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бергенде жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей «электрондық үкімет шлюзі» арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Жергілікті атқарушы органның, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Кодекстің 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны шағымды қарайтын органға жібереді. Шағымды көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің сұрауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен жүктеп береді.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу», «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен бірге осы бұйрыққа 2-қосымшаға (бұдан әрі – «бір өтініш» қағидаты бойынша қызмет) сәйкес көрсетіледі.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімдері:
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 (төрт) жұмыс күні;
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 (он төрт) жұмыс күні;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45 (қырық бес) күнтізбелік күн;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 (отыз) жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
4-тарау. Қандас мәртебесін ұзарту тәртібі
Қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.
«Қандас» ААЖ арқылы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растау, осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі Қандас мәртебесін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Бас тарту үшін негіз табылған болған кезде көрсетілген қызметті берушінің орындаушысы Кодекстің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілелетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.
5-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның тіркелген күні оны қараудың мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қызметті көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
|
|
Қандас мәртебесін |
|
|
Нысан |
___________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен ______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
(мекенжайында тұратын)
Қандас мәртебесін беру туралы
ӨТІНІШ
_______________ облысында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келуіме/келуді жоспарлауыма байланысты маған және менің отбасы мүшелеріме (бар болса) қандас мәртебесін беруді сұраймын.
Отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы)_____________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары _______;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері _________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары)_________________________________________.
Өтінішке мынадай құжаттарды:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
____________________________________________________ қоса беремін.
Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасы мүшелерімнің (бар болса) «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде басқа облыстың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарында тіркелуін анықтаған жағдайда, менің қолда бар құжаттарымды ________________________(аталған өтініш енгізілетін жергілікті атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ «Қандас» ақпараттық жүйесіндегі тиісті жазбаны осы өтінішті беретін орын бойынша жаңартуды қамтамасыз етуді сұраймын.
Осы арқылы қандас мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20 ___ жылғы «__»__________
_________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды қабылдаған:_____________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20 ___ жылғы «__» _________ _____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
|
|
Қандас мәртебесін беру немесе
Нысан |
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, Мемлекеттік корпорация және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін). |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі - 4 жұмыс күні ішінде. Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қандас мәртебесін беру 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут; көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 минут, мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген жағдайда – 60 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген. |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қандас мәртебесін беру кезінде - қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі. Мемлекеттік корпорация 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің сұрауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен жүктеп береді не өтініш беруші қандас куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алады. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.enbek.gov.kz интернет - ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі; 2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) өмірбаян (еркін нысанда); 2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары және үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар); 3) осы қағиданың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш берушілер өтінішке бұрын берілген қандас мәртебесін беруге келісім туралы шешімнің көшірмесін қоса береді. Өтініш берушілер қандас мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген қандас мәртебесінің көшірмесін береді. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және өтінішті жергілікті атқарушы орган тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Жергілікті атқарушы орган: 1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес келмеген; 2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес келмеген; 3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі фактісі анықталған кезде қандас мәртебесін беруден бас тартады. Сонымен қатар, «Қандас» ААЖ арқылы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растау, Қағидалардың 24-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі қандас мәртебесін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Қандас мәртебесін
беру немесе ұзарту
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қабылдау туралы ХАБАРЛАМА
Осы арқылы этникалық қазақ __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) оған және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы өтініші ______________________(жергілікті атқарушы органның атауы) қабылданғанын және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған___________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (күні)
|
|
Қандас мәртебесін |
|
|
Нысан |
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________________________________________________
(мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты ____________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________________________________________ ______
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы: ____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алдым: __________________________________ ______
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) /қолы
20 __ жылғы «___» _________
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін беру немесе ұзарту (бас тарту) туралы 20 __ жылғы «___» ________№_____ ШЕШІМІ
_________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қандас мәртебесін беру немесе ұзарту (бас тарту) туралы _________________________(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ______________________________________________________ өтінішін қарап,_________________________________________________________________________ туралы шешім қабылдады.
Басшы ________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына
6-қосымша
Нысан
ҚАНДАС КУӘЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ КАНДАСА
№ _________
______________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы органның атауы/наименование местного исполнительного органа)
|
____________________(Тегі/Фамилия, Аты/Имя, Әкесінің аты (бар болса)/ Отчество (при его наличии)) Туған күні, айы, жылы/Дата рождения месяц год «__»______20_ж./г. |
Жынысы/Пол ________ Туған жері (елі)/Место рождения____________ Азаматтығы/ |
Қандас куәлігінің қолданылу мерзімі
Срок действия статуса кандаса с «_»___20__ж./г. бастап по «__»____20__ж./г. дейін
|
ЖСН/ИИН |
Қандастың кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері
Несовершеннолетние члены семьи кандаса
|
р/с№ п/п |
Тегі/Фамилия, Аты/Имя, Әкесінің аты (бар болса)/ Отчество (при его наличии) |
Туған күні, айы, жылы/ Дата рождения месяц год |
Жынысы/ Пол |
Туыстық қатынасы/Родственное отношение |
ЖСН/ ИИН |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
…. |
|
|
|
|
|
Ескертпе/Примечание:
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
25-бабына сәйкес қандас куәлігінің мерзіміқандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн немесе қандас мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.
В соответствии со статьей 25 Закона Республики Казахстан «О миграции населения» срок действия удостоверение кандаса прекращается после получения кандасом гражданства Республики Казахстан или по истечении одного года со дня получения статуса кандаса.
|
Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) электродық-цифрлық қол таңбасы Электронно-цифровая подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность) ________________________________ |
Қандас мәртебесі берілген күн Дата присвоения статуса кандаса 20____ жылғы «___» _________ «____» ___________20____ года |
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Қандас мәртебесін беруге өтінішті кіріс хат-хабар ретінде тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
Осы арқылы этникалық қазақтың _____________________________(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының аумағына _________________________________ (облысына, республикалық маңызы бар қалаға және астанаға) келуді жоспарлаған оған және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қандас мәртебесін беру туралы өтініші _______ (тіркелген күні) № ______________ кіріс хат-хабар ретінде_____________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) тіркелгенін және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған ___________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына
8-қосымша
Нысан
___________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен _______________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
(мекенжайында тұратын)
Қандас мәртебесін ұзарту туралы ӨТІНІШ
Қандас мәртебесінің тоқтатылуына байланысты және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында маған және менің отбасы мүшелеріме қандас мәртебесінің мерзімін заңнамада белгіленген мерзімге ұзартуды сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы) ______________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары ________________________________________________________________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері ___________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары___________________________________________.
20__ жылғы «__» ________
_______________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды қабылдаған:____________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы «__» _________ _______________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)