Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Талдықорган қ. 26 сәуір 2021жыл
1.Кіріспе бөлім
"Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ (бұдан әрі-Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
"Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ (бұдан әрі-Басқарма).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негізі:
Басқарма басшысы м. а. 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 59-п бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2021 жылдың бірінші тоқсаны.
Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 128 Қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өз қызметін жүзеге асырады.
Басқарманың миссиясы мен негізгі міндеттері: халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу. Өз құзыреті шегінде Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, көші - қон, әлеуметтік әріптестік, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) объектінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ АНЫҚТАУ
2."Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 Қаулысы.
3." Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген.
2.1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:
Бекітілген штаттық кестеге сәйкес, Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің саны 31 бірлікті құрайды (басшы – 1, басшының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 8, бас мамандар – 20).
Штаттан тыс қызметшілер – 8 бірлік (хатшы-1, оператор-1, әкімшілік кезекшілер-4, курьер-1, іс жүргізуші-1).
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Басқармада, 27 мемлекеттік қызметші (бала күтімі бойынша демалыста-4) және 8 азаматтық қызметші жұмыс істейді.
4 бос жұмыс орны бар, оның ішінде тұрақты -3 (1-бөлім басшысы, 2-бас маман) және 1 уақытша (бас маман).
Талдау барысында ағымдағы жылдың I-тоқсанында Басқармадағы таза ауысымдылық 6% құрады немесе 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды, оның ішінде:
- Сейдахметова У.К. ішкі еңбек нарығын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы, 20.01.2021 жылдан бастап "Бәйтерек" күндізгі келу орталығы " КММ директоры болып тағайындалды;
- Онгаров Р.А. жұмыспен қамту саласындағы мониторинг бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала тууға байланысты демалыс кезеңінде), тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты 08.01.2021 ж. өз еркімен жұмыстан босатылды.
Талдау кезеңінде басқармада мемлекеттік орган ішіндегі мәні бірдей лауазымға ауысу тәртібімен төмендегі қызметкерлер ауыстырылды:
- Адиахметов Ж.С. ақпараттандыру және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы лауазымынан әлеуметтік көмек және мүгедектермен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымына;
- Дарменов Н.А. жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы лауазымынан ішкі еңбек нарығын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы лауазымына;
Ұлт жоспарының 10-қадамын орындау мақсатында, меритократия қағидаларын іске асыру негізінде, ағымдағы жылдың I-тоқсанында облыс әкімі аппараты өткізген конкурс қорытындысы бойынша 1-кезеңмен әлеуметтік көмек және мүгедектермен жұмыс бөлімінің бас маманы С.Сәрсебеков 23.02.2021 жылдан бастап жоғарыда аталған бөлімнің бөлім басшысы болып тағайындалды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 17-бабына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 2 мемлекеттік қызметшіге ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
Ағымдағы жылы мемлекеттік басқару академиясының филиалында, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспар-кестесіне сәйкес, 9 адамды оқыту жоспарланған ( 4 – бөлім басшылары, 5 –бас мамандар).
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне бекітілген кесте бойынша 1-бөлім басшысы (Ж.Ж. Жақсыбеков) біліктілігін арттырудан өтті, ал 1 - бөлім басшысы (У. К. Сейдахметова) жұмыстан босатылуына байланысты біліктілігін арттырудан өткен жоқ.
Қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өткеруіне қатысты кадрлық іс жүргізу автоматты түрде "Е-қызмет"бірыңғай компьютерлік деректер базасына енгізіледі. "Е-қызмет" базасы әр маманға орнатылған.
Қорытындылар: персоналды басқару желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша
Талдау кезеңінде Басқармада жақын туыстарын бос лауазымдарға орналастыру мүдделері анықталған жоқ.
3.1. "Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»:
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру облысқа жеткізілген квота шегінде жүзеге асырылады.
2021 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 558 бұйрығы бойынша, Алматы облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға 2729 бірлік, оның ішінде: I санат бойынша - 65, II санат бойынша - 450, III санат бойынша - 1330, IV санат бойынша - 288, маусымдық қызметкерлер – 596 көлемінде квота белгіленді.
Осы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әзірленді және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту "мемлекеттік көрсетілетін қызметі, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген» «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына» сәйкес көрсетіледі.
2021 жылғы 1 сәуірге 220 рұқсат берілді, ұзартылды және қайта ресімделді, оның ішінде I санат бойынша - 4, II санат бойынша - 25, III санат бойынша - 97, IV санат бойынша -2, маусымдық жұмыстарға - 26 және корпоративішілік ауыстыру бойынша-66.
Берілген рұқсаттар үшін салық алымының сомасы 71,8 млн. теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша 67 кәсіпорында 774 шетелдік және 13874 қазақстандық азамат жұмыс істейді.
Қызмет тек электронды түрде, www.egov.kz, www.elicense. "электронды үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті түсіндіру жөніндегі Медиа Жоспар бекітілді және оның орындалуы бақылауда.
3.2. «Оралман» мәртебесін беру немесе ұзарту
"Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-м бұйрығымен бекітілген "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына" сәйкес көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында 1273 этникалық қазаққа (897 отбасына) "оралман"мәртебесі берілді. "Оралман" мәртебесі 359 этникалық қазақтарға ұзартылды.\
Қорытындылар: Талдау кезінде стандарт талаптарын және Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ..
4.1. Шағымдар мен өтініштерді қарау мерзімдерін сақтау
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес осы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
2021 жылдың I-тоқсанында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 48 өтініш келіп түсті, 42 өтініш қаралды, оның ішінде:
- жеке тұлғалардан – 36;
- заңды тұлғалардан - 6;
- азаматтарды жеке қабылдау-карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жүзеге асырылмайды;
- жоғары тұрған органдардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны-11.
2020 жылмен салыстырғанда басқарма мекенжайына түскен өтініштер саны (145), 97-ге азайды. Қазіргі таңда барлық мәселелер бойынша төмендегідей өтініштер тіркелген:
- АӘК алмау туралы-11 өтініш;
- жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша -8;
-мүгедектердің әлеуметтік қызмет көрсету бойынша өтініштері, мүгедектікті қайта даярлау және т. б. мәселелері бойынша-13;
- оралманның туыстарын шақыру-2;
- ведомстволық бағынысты мекемелерге қатысты - 2;
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланады, облыстық "Жетісу" телеарнасында "тікелей эфирлер" өткізіліп тұрады, Басқарманың сайтында және әлеуметтік желілерде уақтылы орналастырылады.
Сондай-ақ "Адал көмек" жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі ретінде басқарма басшысы белгіленген кесте бойынша тікелей эфирде басқарманың ресми әлеуметтік парақшаларында (Facebook, Instagram) сөз сөйлеп сұхбат беріп тұрады.
Жедел әрекет ету үшін, ғимаратта жалпыға қолжетімді жерде "сенім телефоны" 8/72/82/32-92-61 орналасқан және жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі қойылған.
Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік басшының бұйрығымен бекітілген комиссияның қарауы үшін аптасына бір рет ашылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыру актісі ай сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасына жіберіледі.
Азаматтардың ағымдағы өтініштерін қарау, есепке алу және тіркеу басқарма қызметкерлерімен ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жүргізіледі.
Қорытындылар: талданып отырған кезеңде өтінішті қарау тәртібі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Талдау көрсеткендей, ведомстволық бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жеткіліксіз деңгейде. Барлық ведомстволық бағынысты мекемелерде әзірленген және бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жоқ, ал осы стандарттардың болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды шараларының бірі болып табылады.
1-ұсыным: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 10-бабының 2-тармағын орындау мақсатында, басқарма басшының бұйрығымен ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары" КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірленіп, бекітілуі қажет.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін тексеру нәтижесінде (ҚСжАЕК арқылы) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталған жоқ.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті әзірлеген жоба аясында басқармада қызмет алушыларға арналған "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" кабинеті ашылды. Ол интернетке қол жетімді компьютерлік техникамен жабдықталған.
Басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспар әзірленіп, бекітілді. Алайда, талдау барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлерге түсіндіру және оқыту іс-шараларының жеткіліксіз өткізілгендігі анықталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары туралы қызметкерлердің білімін тексеру бойынша тиісті деңгейде іс-шаралар жүргізілмеген, бұл сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін.
1-ұсыным: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ұйымдастыру-басқару шараларын қабылдау қажет. Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстарын уақытылы жүргізгу қажет.
АНЫҚТАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН
ЖОЮ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР:
1."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 10-бабының 2-тармағын орындау мақсатында, Басқарма ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін барлық ведомстволық бағынысты мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірленіп, басшының бұйрығымен бекітілуі қажет.
|
Топ мүшелері:
Жұмыс тобының Басшысы: Талданбаева Д.Н.. А Есимжанова А.Ж. Мусинова Г.Н. Югоспаева А.К. Доненова К.Р. Садуакасова С.О.
Танысқандар:
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
|
|
Калиаскаров А.М.
Мурат М.М. |