Еліміздегі 30 мектептің педагогтарына әлеуметтік стигманың алдыналу негіздері үйретіледі

 

НҰР-СҰЛТАН, 27сәуір2021 ж. - БҰҰ Балаларқорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, С.Д.Асфендияов атындағы Қазақұлттық медицинау ниверситетімен және «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық-Азиялық Қауымдастығы» ЗТБ-мен серктестік тестигманың* алдыналу және АИТВ-мен және басқада созылмалы аурулар мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерді қолдау жөніндегі ақпараттық науқанды бастады. 27 сәуірмен 26 мамыр аралығында аталмыш науқан Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының 30 пилоттық мектебінде өтпек.

«Мұғалімдердің АИТВ саласындағы білім деңгейін көтере отырып, біз АИТВ-мен және өзгеде созылмалы аурулармен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерге жағымсыз күйзелістерге бойалдырмай, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтауға және нығайтуға көмектесеміз»,- деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.

Ақпараттық науқан аясында пилоттық мектептер үздік халық аралық тәжірибелер негізінде әзірленген арнайы әдістемелік ұсынымдаралады. Ұсынымдар мектептер де, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін немесе АИТВ және басқада созылмалы аурулармен ауыратын балаларды қолдау үшін әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жұмысында пайдалануға арналған. Онда авторлар мектептерде АИТВ-дан зардап шеккен балалармен отбасылар тап болатыннақты мәселелерді және оларды жеңу жолдарын қарастырады.

Берілген ұсынымдарда стигманы жеңудің заманауи тәсілдері ұсынылады, сондай-ақ АИТВ, стигма және кемсітушілік, АИТВ-мен өмір сүру, АИТВ статусы мен құпиялылығын ашу,баланың құқықтарын қорғау мен АИТВ және басқада созылмалы аурулары бар балаларға мейірімді мектептердің тұжырымдамалары туралы фактілер мен сенімді ақпарат қамтылады.

Мектептерге, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау ұйымдарына арналған әдістемелік ұсынымдардың тұсаукесері 19  мамырда мектеп директорлары мен меңгерушілерінің қатысуымен республикалық онлайн-конференцияда өтеді.  Әдістемелік ұсынымдар пилоттық мектептерде бейімделіп, елдің барлық мамандандырылған оқу орындарына  таратылатын болады.

«Балалар мен жасөспірімдердің мүддесі үшін мектеп қызметкерлерінің АИТВ, оның берілу жолдары мен алдыналу туралы толық білімі болуы маңызды.

Мұғалімдер АИТВ туралы ғылыми негізделген ақпаратты стигматизацияланбайтын түрде және қате пікір сіз ұсынуы, АИТВ бар баланың басқаларға ешқандай қауіп төндірмейтінін, ал мектеп- кемсітушіліктен қорықпай, әркім қолдау таба алатын орын екенін түсінуі тиіс», - дейді «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық-Азиялық Қауымдастығы »  ЗТБ президенті Нурали Аманжолов.

Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақдерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мәліметтері бойынша елімізде АИТВ-менауыратын 580  бала мен жасөспірім бар. 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ЮНИСЕФ мамандары еліміздің алты пилоттық аймағының мектептерін депсихо әлеуметтік қолдаудың ұлттық стандарттарын енгізуді бағалады. Қазақстан мектептерінде АИТВ жұқтырудың бірде-бір тіркелген жағдайы болмасада, бағалау нәтижесі АИТВ- мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерге қатысты стигманың жоғары деңгейін көрсетті. Сарапшылар мектептерде, интернаттарда,  мектепке дейінгі және медициналық мекемелерде АИТВ- мен ауыратын балалар мен олардың отбасыларының стигмамен кемсітушілік жағдайларын анықтады.

АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдер қиындықтарға тапболып жатады.  Олар көп жағдайда АИТВ ауруға, металды денсаулыққа, арнайы антиретровирустық препараттарды қабылдаудың қатаң

режимін сақтауға байланысты болады. Бұл өз кезегінде жана мәсерлерге әкеп соқтырады. Көптеген мектеп педагогтары АИТВ- позитивті балалардың басқаларға ешқандай қауіп төндірмейтінін және олардың статусына қатысты қажетті құпиялылықтың сақтау керектігін түсінбейді.

«Әр баланың кемсітусіз және оның құқықтары мен мүдделері бұзылмай өмір сүруге құқығы бар. Осал балаларға, созылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аудару керек. Мектептерде олар қолдау мен түсіністікке ие болуы керек, олар өздерін жайлы сезінуі керек және құрдастары мен мұғалімдері тарапынан кемсітушіліктен қорықпауы керек. Мектеп оқушылар мен қызметкерлердің АИТВ-оң статусы туралы білмеуі мүмкін, бірақ оның АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты достық және қолдау саясаты мектепке де, жалпы қоғамға да пайда әкеледі», - деп белгілеп өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

 

Редакторларға арналған ақпарат:

 

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық-Азиялық Қауымдастығы» ЗТБ2009 жылы төрт елден АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан ұлттық ұйымдарды қолдау бойынша бірлескен қызмет үшін, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың сапасы мен қадір-қасиетін жақсарту үшін құрылды.

 

«АӨА ОАҚ» ЗТБ қызметі туралы толығырақ ақпарат www.caapl.org сайтында

 

Instagram және Facebook парақшаларымызға жазылыңыз

 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әлауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырадыЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейдібұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту мәселесінебалалардың игілігінеәлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады

 

ЮНИСЕФтің қызметі туралы толық ақпарат https://www.unicef.org/kazakhstan/kk сайтында

 

InstagramFacebook және Twitter парақшаларымызға жазылыңыз

 

*Стигма жеке тұлғаның девальвациясының стигмадинамикалық процесіол айналадағылардың көз алдында жеке адамныңайтарлықтай дәрежеде беделін түсіредіСтигма пайда болатын қасиеттер ең кездейсоқ болуы мүмкінмысалытерінің

 

түсі немесе сөйлеу тәсіліӘр түрлі мәдениеттерде немесе қоғамдарда белгілі бір қасиеттер әдетте беделін түсіру немесе лайықты емес деп саналады

 

АИТВға байланысты стигма көп қырлыАИТВ мен ЖИТС маргиналды болып саналатын мінезқұлық түрлерімен ұқсастыруына байланысты теріс факторлардың дамуына және күшеюіне бейімСтигма мен дискриминация АИТВның таралуына жағдай жасайды және эпидемияның жағымсыз салдарын едәуір арттырадыСтигма адамға қатты зиян келтіреді және АИТВоң балалар мен жасөспірімдерде ұяткінәкемшілік және оқшаулану сезімдерінің пайда болуына әкелуі мүмкінСондайақбұл жеке тұлғалардың немесе мекемелер тарапынан кемсітушілікке әкелуі мүмкінбұл тікелей зиян келтіреді және балалардың заңды құқықтарын бұзады

 

БАҚ үшін байланыс мәліметтері

 

Эльвира Яушева

Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 707 109 8553

Электрондық пошта: eyausheva@unicef.org

 

Марина Максимова

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық-Азиялық Қауымдастығы» ЗТБ

байланыс бойынша аймақтық маманы

marina_maximova@rambler.ru

телефоны +7 777 225 4601

Дата публикации
28 апреля 2021