Облыс бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жүйелі жұмысы қамтамасыз етілген.
2021 жылы үшжақты комиссияның 12 облыстық және 163 аудандық, қалалық отырыстары өткізілді.
Үшжақты комиссияның төрағасы облыс әкімі болып табылады, сондай-ақ комиссия құрамына еңбек инспекциясы жөніндегі, кәсіпкерлік, білім, экономика және басқа да жергілікті атқарушы органдар енгізілген.
Жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен бірлесіп үшжақты комиссияның отырыстарында облыс кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешекті өтеудің, еңбек жанжалдарының алдын алудың, отандық және шетелдік қызметкерлердің тең құқықтары мен еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің, әлеуметтік жанжалдардың алдын алудың, реттеудің өзекті мәселелері және әлеуметтік-еңбек саласының басқа да өзекті мәселелері үнемі қаралады.
Әлеуметтік шиеленістің және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар, кәсіптік одақтар бірлестіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру күшейтілді.
2022 жылдың басынан үшжақты комиссияның 2 облыстық және 23 аудандық, қалалық отырыстары өткізілді.
Еңбек қатынастарын реттеу, оның ішінде облыс кәсіпорындарында еңбек жанжалдары мен дауларының алдын алу және жол бермеу (еңбек дауларының туындау тәуекелдері туралы, жалақы бойынша берешекті өтеу туралы, міндетті зейнетақы жарналарын төлемеу туралы, ұжымдық шарттарды жасау туралы және т.б.), халықтың табысын арттырудың кейбір шаралары туралы және облыс кәсіпорындарында Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыс туралы (жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, конкурстарды ұйымдастыру, «Қауіпсіз еңбек», «Нөлдік жарақаттанушылық» жобасы бойынша ақпараттық жұмыс және т. б.) басқа да өзекті мәселелері қаралады.