ҚазақстанРеспубликасы
Премьер-министрінің
2021жылғы« »
№ өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 27наурыздағы
№ 55-ө өкімімен
бекітілген
Жұмыспен қамтудың 2020 –2021 жылдарға арналған жол картасы
Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын
іске асыру мақсаттары мен бағыттары
Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жолкартасының (бұдан әрі – Жол картасы) негізгі мақсаттары:
1) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу;
2) елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту есебінен жұмыс орындарын құру және халықтың табысын қамтамасыз ету;
3) жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту және кеңейту.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Жол картасында мынадай бағыттар көзделеді:
1) әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жалпы құрылысы және арнайы жұмыстары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды (бұдан әрі – инфрақұрылымдық жобалар) іске асыру;
2) отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.