Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37 - баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                     1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 17 - баптарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстың коммуналдық меншігінен «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен облыстың аудандары мен қалаларының коммуналдық меншіктеріне мүлік осы қаулының қосымшасына сәйкес өткізіліп берілсін.

2..«Алматы облысының қаржы басқармасы», «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемелері, облыстың аудан және қала әкімдері белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдап алу-өткізіп беруді жүзеге асырсын.

         3..Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары                  Б.Қ. Байжұмановқа жүктелсін.    

     

 

               Облыс әкімі                                                                            А. Баталов

Дата публикации
20 января 2021