2021 жылдың 1 ақпанына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3289 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 1010 тұрақты және 2279 уақытша.
Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінушілердің санынан, Бағдарламаға қатысқандардың үлесі 47,8%. құрайды.
Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі 5,3% құрайды.
Бағдарлама қатысушыларының құрамына кіруге өтініш берген әйелдердің үлесі 27,5% құрайды.
Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген, 29 жасқа дейінгі жұмыспен қамтылған жастардың үлесі 61,5% құрайды. Оның 34,4% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.
Жастар практикасына қатысушылардың саны 30 адам.
Тіркелген үміткерлер саны 797 адамды құрайды.
Тіркелген жұмыс берушілер саны 416 адамды құрайды.