
Әлеуметтік көмек көрсету
Алматы облысы бойынша 2024 жылдың 2 мамырына аз қамтылған 36,1 мың астам азаматтарға 1992,9 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 5029 отбасына 1065,7 млн. теңге көлемінде төленді (28247 адам, оның ішінде 20468 бала).
1 жастан 6 жасқа дейінгі 8954 балаға 144,8 млн. теңге көлемінде қосымша төлем төленді.
Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі 279 отбасына 6,7 млн. теңге мөлшерінде төленді.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 1036 отбасына 30,9 млн. теңге көлемінде төленді.
Әлеуметтік маңызы бар ауырулармен ауыратын 529 азаматқа 39,3 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
2024 жылдың 2 мамырына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлернеі мерекелік және естелік даталарға 4192 адамға жалпы соммасы 518,1 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді
7 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша тұрмыстық-коммуналдық жеңілдіктерге 310,0 мың. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 2–мамырына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының құрамындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын 2293 балаға 127,3 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
2024 жылдың 2 мамырына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 69 адамға 4,3 млн. теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді.