
Республикалық «Қоғамдық эко-бақылау» акциясының жоспарына сәйкес а.ж. 27 тамыз күні «Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы» Қонаев қаласының базары маңында өткізілді.
Аталған қоғамдық эко-бақылауды қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Келдібекова Л.Қ., облыстық мәслихат депутаты Горяной С.В., «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қонаев қалалық филиалының орынбасары Давлетов Б.М., «Ана сәулесі» қоғамдық бірлестігінің орынбасары Майсалимова А.К., Қонаев қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сулейменова А.Ж., ЖШС «Қапшағай тынысы» «Нұрлы Өлке» газеті директорының орынбасары Канаров А.С.жүргізді.
Сонымен қатар республикалық «Қоғамдық эко-бақылау» акциясының жоспарына сәйкес, а.ж. 27 тамыз күні «Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы» өңірдегі Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы орталық саябағында жүргізілді.
Қоғамдық эко-бақылауға аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Асқарбаева Г.Қ., «Іле Таңы» газетінің тілшісі Чойбасов Б., «Іле Мұрагері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Құрманжанова Қ., «Іле ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бас маманы Құрманғалиев Р.қатысты.
Хэштегтер: #экобақылау, #экоконтроль, #ТазаҚазақстан2024.