Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2024 жылғы 20 тамызда облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Талғар мен Іле аудандарындағы өткізілген мониторинг нәтижелері талқыланып, алдағы уақытқа қойылған жоспарларды жүзеге асыру туралы бірқатар шешімдер қабылданды. Жалпы облыс аймағында мемлекеттік рәміздерімізді ережеге сәйкес пайдалану, күтіп ұстау мен орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жалғасатын болады.