«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес 2024 жылдың 10-23 маусым аралығында ішкі саясат басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:
- басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастыру-басқару қызметінде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда сіз көрсетілген телефон бойынша хабарласа аласыз: 8 701 778 03 01, Искаков Мирас Дулатбекұлы, ішкі саясат басқармасының бас маманы.