
«Алматы облысында этносаралық келісімді және қазақстандық патриотизмді нығайту» жобасының аясында әр түрлі іс-шаралар жалғасуда.
11-13 желтоқсан күндері жоба аясында Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында ауылдар жастарымен бірнеше кездесулер өтті.
Кездесуде жастарға Қазақстанда этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған Этика кодексінің маңызды тармақтары түсіндіріліп, флайерлер таратылды. Мектеп басшыларына және тәрбие оқу бөлімінің меңгерушілеріне «Жастар ортасында мәдениетаралық қақтығыстардың алдын алу» әдестемелік құралы берілді.
Жоба Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.