
Алматы облысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті
2023 жылдың 7-13 қараша күндері аралығында «Алматы облысының ішкі саясаты» ММ-нің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен жастар арасында құқықбұзушылықты алдын алу, буллинг, кибербуллинг жайында жастары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Балқаш, Іле аудандары мен Қонаев қаласының ауылдық округтерінің білім беру мекемелерінде барлығы 29 ақпаратттық кездесу ұйымдастырылды. Жоба аясында 10 мыңнан астам буклеттер, 2500-нан астам плакаттар аудан орталықтарындағы қоғамдық жерлерінде таратылды.
Кездесулерде жастармен жұмыс тәжірибесі бар М.Ерекеев, Д.Жұмахан мен Жастар ресурстық орталықтарының тәжірибелі психологтары М.Болатқызы, Б.Муратқызы және аудан, қалалардағы ювеналды полиция инспекторлары дәрістер оқыды.
Іс-шараларға мектептердің оқушылары, колледж білімгерлері қатысты.
Кездесу барысында психологтар, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары тәлім-тәрбие жөнінде сөз өрбітіп, баланың өз қатарластарымен қарым-қатынасының дұрыс болмауы, көптеген жағдайларда сыныптас балалардың өзіне деген нашар көзқарасын жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсетінін, сол себептен осындай балалар өзінің беделін басқа ортадан іздеп, не күшпен беделге ие болу жақтарын іздейтіндігін, мұның арты құқықбұзушылыққа, қылмысқа апаратынын түсіндіре келе, үлкен-кішіге сыйластық танытып, бір-біріне қамқор болып, үлгі көрсетіп, шешуі қиын мәселелерді сынып жетекшісімен не өзіне жақын мұғалімдермен шешуге тырысу қажеттілігі айтылды.